Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Нұр-Мүбарак университетінде Ашық есік күні өтті

 islam-atyrau.kz/22 сәуір, 2019 жыл. Биыл жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны сәуір, мамыр айларына  ауысқаны белгілі. Осыған орай Нұр-Мүбарак университетінде арнайы «Ашық есік күні» жарияланды. Негізгі мақсат жұртшылыққа биылғы қабылдау ережелері туралы толыққанды ақпарат беру және Нұр-Мүбарак университетіндегі артықшылықтар мен талаптармен таныстыру.

Ашық есік күніне келген талапкерлердің де сұрақтары сан алуан болды.  Оларға университеттің Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Жалғас Сандыбаев бастаған білікті мамандар жауап берді. Қабылдау науқанына қатысты бірнеше жылдық тәжірибесі бар Мұратхан Мехмет исламтану, дінтану салаларындағы айырмашылық, қысқартылған топқа қатысты шарттар немесе екінші жоғары білім алудағы талаптар жайлы  жан-жақты түсіндірді.

Мемлекеттік білім грантына ие болудың талаптары, ақылы бөлімде оқудың ерекшелігі, «жатақхана кімдерге беріледі, отбасылылар үшін жатақхана қарастырылған ба?» деген сынды сауалдармен қатар шетелде білімді шыңдау мәселесі де қамтылды.  

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша биыл ЖОО-ларға құжат қабылдау 1 сәуірде басталып, 10 мамыр күні аяқталады. Осыған орай дәл қазір Нұр-Мүбарак университетінде де талапкерлерден құжат қабылдау науқаны жүріп жатыр.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

ТҮРКИЯДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

islam-atyrau.kz/22 сәуір, 2019 жыл. 300-ден аса қазақ жастары діни білім алатын Түркия Республикасында ҚМДБ-ның бірінші төраға орынбасары, наиб  мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерішісі Алтынбек Ұтысхан, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаевтың қатысуымен 20-21 сәуір күндері тұңғыш рет «Түркияда оқып жатқан Қазақстандық дінтанушылар құрылтайы» өтті.

Түркиядағы Қазақстан елшілігі, Түркия шет елдік түріктер және туысқан халықтар министрлігі, «Түрік бурслары» мемлекеттік мекемесі және Эрджиес университетінің ұйымдастыруымен Түркияның Қайсери қаласындағы Эрджиес университетінде өткен құрылтайда Түркия дін істері басқармасының, Түркияның 12 қаласындағы ЖОО-ның профессорлары, имам-хатиб лицейлерінде, дінтану факультеттерінің бакалавр, магистратура, доктарантурасында, білім жетілдіру және қайта оқыту курстарында білім алып жатқан 200-ге жуық дінтанушы жас мамандар  бас қосты.

Құрылтай барысында сөз алған Наурызбай Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың сәлемін жеткізіп, өз баяндамасында отандық ислами білім ошақтарын дамыту, асыл дінімізді насихаттау, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық, сыйластық пен рухани үндестікті нығайтуда, көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты жақсартуда ел мүддесі мен болашағын ойлайтын білімді де білікті мамандардың маңызы жайында сөз қозғады. Елдегі діни білім және кадр даярлау саласында қол жеткізген жетістіктердің жалпы қорытынды есебіне тоқталып, жоғарғы және орта діни білім ордалары мен мешіт, медресе жұмыстарын жандандыру бойынша біраз ауқымды жоспарлардың қолға алынып жатқандығын баяндады.

Елбасымыздың «Жастар жылы» жобасы аясында жастарға рухани тәрбие беру, жастар арасында діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуының алдын алу,  ҚМДБ өкілдерімен бірлесе жұмыс жүргізу мақсатында шет елдік діни оқу орындарында білім алып жүрген Қазақстандық студенттер үшін ҚМДБ жанынан құрылған «Талаба» қауымдастығының ережелерімен таныстырып өтті.

Түстен кейін жалғасын тапқан секциялық отырыстарда ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Б.Мырзагелдиев пен ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерішісі А.Ұтысхандар да баяндама жасады.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

 
Толығырақ ...

Сұлтан Бейбарыс бабамыздың рухына Құран бағышталды

islam-atyrau.kz/22 сәуір, 2019 жыл. Мысыр елін билеген руxты батыр Сұлтан Бейбарыс Жамақұлы бабамызды еске алу мақсатында, Атырау қаласындағы  «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде Құран оқылып, ас берілді.

Жиынға Атырау облыстық таэквондошылар одағының ардагерлері мен бапкерлері және жас таэквондошылары арнайы қатысты.

 «Қазіргі қазақ жастарына спортпен қоса руxты, нағыз қазақи тәрбие қажет. Біз жастарымызға Бейбарыстай сұлтандарымызды дәріптеуіміз керек» дейді  Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев. Басқосу соңында меймандарға «Тәлімгер пайғамбар тағылымы» атты кітап сыйға таратылды.

Еске сала кетелік, Бейбарыс сұлтан мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырған тарихи тұлға. Ол кезінде Мысыр мен Сирия даласын «крестілер жорығы», моңғол шапқыншылығынан қорғап қалды, бүкіл мұсылман елдеріне қорған болды. Бейбарыс сұлтан Мысыр даласында 17 жыл билік құрды.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Президент: Әлемдік қоғамдастық террорға қарсы күшті біріктіру қажет

islam-atyrau.kz/22 сәуір, 2019 жыл.  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Шри-Ланкада 160 адамның өмірін қиған бірнеше жарылысқа байланысты көңіл айтты.

«Шри-Ланкада сұмдық жағдай. Мемлекеттегі қонақ үйлер мен шіркеулер де болған жарылыс салдарынан 160-тан аса адам қаза болды, жарақат алғандар өте көп. Олардың туыстарына көңіл айтамын. Терроризмнің шекарасы жоқ. Әлемдік қоғамдастық террорға қарсы күшті біріктіру қажет», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасына.

Еске сала кетейік, кеше Шри-Ланкада қонақ үйлер мен католиктік шіркеулер де жарылыс болды.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Сұлтан Бейбарыс мешіті Құптан намазынан кейінгі уағызды сахабалар баянына арнады

islam-atyrau.kz/22 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде жамағатқа уағыз тұрақты айтылып келеді.

Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде әр аптаның сенбі күнінде Құптан намазынан кейін уағыз айтылады. Бұл жолы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қуанышұлы төрт халифаны және Ислам ғұламаларының айтуынша бесінші халифа Омар ибн Абдулазиздің заманына дейін ұзақ ғұмыр кешкен Ади ибн Хатим Ат - Тай (Алла оған разы болсын) сахабаның өнегелі өмірінен сырт шертті. Уағызға 150-ге жуық  адам қатысты.

 

            Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...