Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас мүфти халықаралық конференцияға қатысты

islam-atyrau.kz/24 сәуір, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласында өткен «Ұлы даланың батырлары – ақ тулы сіргелі Жабай батыр» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасады.

«Алаштың ардақты ұлдарының бірі Әлихан Бөкейхан тұжырымды бір сөзінде: «Шыңғыс хан дүниені алды, артында түк белгі қалған жоқ. Ақсақ Темір дүниені алмаса да артында Самарқанд, мешіт, медреседей белгі қалды...» деген екен. Бұл сөздің астарынан адам баласы бұл өмірде ізгілікті ісімен артынан із қалдыруы тиіс деген ұғымды ұғамыз. Құдайға шүкір, киелі қазақ топырағында аты күллі әлемге мәшһүр тұлғалар мен дін ғұламалары дүниеге келді. Уақыт өткен сайын олардың тұлғасы мен артына қалдырған рухани мұрасының құны артып, өз дәрежесінде бағаланып келеді.
Арғы бабаларымызды ауызға алғанда әуелі Әбу Насыр әл-Фарабиді айтамыз, содан кейін Әзіреті Сұлтан атанған Қожа Ахмет Ясауи, бергі тарихымызда Төле би, Бекасыл әулие, Жабай ата, Құртқа тәуіптердің тұлғасы еске түседі. Осы ретте Жабай атаның өнегелі өмірі мен тұлғасын паш ету мақсатында тарихшылармен бірігіп, жаңа зерттеу жұмысын бастауды ұсынамын. Екіншіден, әулие, батыр Жабайдың ғибратты ғұмыры жайлы Алматыдағы «Нұр Мүбарак» университеті мен еліміздегі 9 медреседе тұлға жайлы тәлімдік дәрістер өткізу маңызды деп есептеймін. Үшіншіден, «кино – өнердің ішіндегі ең озығы» дегендей, Жабай батыр туралы көркем фильм түсірудің маңыз үлкен екенін атап өткім келеді. Бұл туынды жастардың санасына патриоттық сезімдерді сіңіріп, имандылыққа баулитын игі тележоба болар еді», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде өткен халықаралық жиынға алыс-жақыннан келген ғалымдар, еліміздің зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар мен көрнекті жазушылар, сонымен қатар Жабай батырдың ұрпақтары қатысты.

 

 Дереккөз: "Мүфтият. кз"

Толығырақ ...

Ұстаз Ерболат Боханов Мәулімберген мешітінде жастарға дәріс өткізді

islam-atyrau.kz/24 сәуір, 2019 жыл. Ұстаз Ерболат Боханов Атырау қаласындағы Мәулімберген мешітінде көшпелі дәріс өткізді.

«Иман жастары» еріктілерімен кездескен ұстаз Ерболат Боханов сахабалардың өмірбаяны туралы уағыз айтты. «Абдуллаһ ибн Аббас сахабалардың ең білімділерінен саналады. Көзі тірісінде оны «үмбеттің дана ғалымы» және «Құранды аударушы, оны бізге жеткізуші» деп ұлықтайтын.

Абдуллаһ ибн Аббастың сұхбатындағы топтың халық арасында ерекше орны бар еді. Оның жүргізген сұхбаттары берекетті әрі тартымды өтетін. Жасы да, кәрісі де оның ілім бұлағынан мейірі қанғанша сусындай алатын еді. Оның сұхбатының екі ерекшелігі болатын. Біріншісі, телегей теңіз білімділігі. Және тақуалығымен ерекшеленген хазіреті Абдуллаһ сұхбаттарында осы екі қасиетке баса мән беретін» деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов өз сұхбатында.

Еске сала кетелік, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Атырау мешіттерінде ұстаздар апта сайын көшпелі дәріс ұйымдастырып келеді. Жастар жылы аясында қолға алынған жоба «Иман жастары» еріктілері және мешіттің жастар жамағаты үшін дәріс алаңына айналып отыр.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.  

Толығырақ ...

Атырауда "Аяттан - амалға" жобасы жалғасуда (+ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/24 сәуір, 2019 жыл.   Бұған дейін Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиевтың бастамасымен Атырауда "Аяттан - амалға" жобасының бастау алғанын хабарлаған болатынбыз.

Жоба аясында түсірілген екінші бейнеролик ата-анаға деген құрметке арналды. "Исра" сүресі, 21 аятта Раббың бір Өзіне ғана құлшылық жасауға, ата - анаға барынша жақсылық жасауға үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса, оларды ауырсынып немесе жақтырмаған сыңай танытып, тіпті "туһ" деме. Сондай ақ, оларға зекіп, ұрыспа. Керісінше оларға жанға жағымды, жылы сөз айт" деп үкім еткен" деген Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев жастарды ата-ананы құрметтеуге үндеді.

Видеороликке белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Кушқалиев атсалысты. 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.  

Толығырақ ...