Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Нұр-Мүбарак пен ERCIYES университеттері арасында меморандум жасалды

islam-atyrau.kz/25 сәуір, 2019 жыл. Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев Түркияға барған іссапарында Кайсери қаласындағы Erciyes университетімен меморандумға қол қойды. Осы құжат негізінде енді екі университет арасында академиялық ұтқырлық жобасы бойынша студенттер алмасу, оқытушылар мен ұстаздардың білімін жетілдіру, т.б. әріптестік жобалар бойынша жұмыстар жасалмақ.

Erciyes университеті – Түркияның «Ең үздік – 20 ЖОО» тобына кіретін ең беделді мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі. Ал әлемдік деңгейде ең танымал университеттердің 5% құрамына кіреді. Кайсери қаласында орналасқан университеттің негізі 1978 жылы қаланған. Бүгінде 34 мың студент білім алады, оқытушы-профессорлар құрамы  2000 ғалымды құрайды. «European University Association (EUA)» жүйесіндегі университеттер қатарында.

Әлемдік деңгейде беделі бар университетпен меморандум арқылы әріптестікке жол ашу – Нұр-Мүбарак университетінің дәрежесін аңғартса керек. Сондықтан университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев бұл әріптестік болашақта өз жемісін береді деген сенімін білдірді.

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...