Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Құспан молла мешітінде Рамазанға дайындық жүруде

islam-atyrau.kz/29 сәуір, 2019 жыл.  Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұровтың тапсырмасымен мұнайлы өлкеде дайындық жұмыстары жүруде.

Осы мәселеге арналған жиын бүгін Атырау қалалық Құспан молла мешітінде өтті.Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров мешіт тарапынан көрсетілетін қызметтерді пысықтады. Ауызашар өткізетін киіз үйлерді дайындау, намаз алдындағы уағыздар тақырыбын бекіту сынды мәселелер  бойынша тапсырмалар берді.

Еске сала кетелік, мүфтият  Рамазан айының 6 мамырда басталатындығын ресми түрде хабарлады. Пітір садақа мөлшері – 300 теңге.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Жылыой: жат ағымдардан сақтану жолдары туралы уағыз айтылды

  islam-atyrau.kz/29 сәуір, 2019 жыл. Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында «Жат ағымдардан сақтану жолдары» тақырыбында кездесу өтті.

 С. Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде өткен кездесуге ұстаздар және студенттер қатысты.

Шара барысында Жылыой аудандық орталық мешітінің ұстазы Д. Сүлейменов жат ағымдардан сақтану жолдары, ислам дінінің артықшылығы туралы уағыз айтты. Және де отбасындағы тәрбие, ата-ананың баласының алдындағы міндеттері, ұлттық сананы қалыптастыру тақырыптарындағы сұрақтарға жауап берді. Сөз соңында ұстаз Д.Сүлейменов жастарды зымырап өтіп жатқан уақытты пайдалы ілім алу жолында дұрыс пайдалана білуге шақырды.

 

 

     Жылыой аудандық орталық  мешітінің баспасөз – қызметі.

Толығырақ ...

Мәулімберген мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

  islam-atyrau.kz/29 сәуір, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Мәулімберген мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешітіндегі тазалық жұмыстарына мешіт жамағаттары да атсалысты. Тазалық жүргізу кезінде ағаштардың түптері қопсытылып, әктелді. Шарбақ сырланып, мешіт ауласы ретке келтірілді. Әжептәуір ұйымдасқан жұмыс  мешіт ішін жаңаша реңкке енгізді. 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Мәулімберген мешітінің ұрпақтары неке қиғызды

 islam-atyrau.kz/29 сәуір, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Атырау қаласы, ежелгі Тасқала ауылында орын тепкен Мəулімберген мешітіне Байдолла Мəулімбергенұлы ақсақал әулетімен бірге ат басын бұрып, немересі Əнуар Нұрланұлы мен Гүлмира Рамазанқызының некесін  қиғызды.

Рәсім аяқталған соң, Мəулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов жас отбасыға «Негізгі діни мағлұматтар» кітабы мен «Дəрет алу жəне намаз оқу үлгісі» кітапшасын табыстады.

Байдолла ақсақал осы мешіттің аты берілген Мəулімберген атаның бел баласы. Оның ұлы, кəсіпкер Нұрлан Байдоллаұлы Алғабас ауылының ақсақалдары мен тұрғындарының өтініштерін аяқасты қылмай, 2004 жылы  Мəулімберген мешітінің іргетасын көтеріп, сол жылы ел игілігіне пайдалануға берген еді.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...