Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Эфир қонағы болған Бас имам намаз оқудың ерекшеліктері туралы айтты (+ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/4 сәуір, 2019 жыл. Ата-ананың рұқсатынсыз перзенті намаз оқи ала ма? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров «Иман сағаты» телебағдарламасында осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.

«Намаз - ең алдымен құлшылық. Намаз дегеніміз – ғибадат. Демек, намазға келген адамның бойында әдеп, көркем мінез, кішіпейілділік, қамқорлық, жанашырлық сипаттары жағынан шынайы ерекшелік, жұмсақтық байқалып тұруы қажет. Яғни, намаз оқитын адам – сондай бір мейірімнің, үй ішінде берекенің, қоғамда ізгіліктің символына айналуы керек. Қазір мешітке «Балам намаз оқиды. Баламның намазы дұрыс па, бұрыс па? Осыны анықтап беріңізші» деп келетін ата-аналар көбейді. Демек, мәселе намазда емес. Мәселе – намаз оқушыда. Егер, бала намазға келген уақытта дөрекі мінезінен арылып, ата-анасына құрметі артса, шүкіршілік ету керек. Бірақ, бүгінде ата-аналарымыздың дені қуана алмай отыр. Неге? Өйткені, намазға келген бала өзінің менмендігін күшейтіп, өзін басқалардан жоғары қойып жатыр. Яғни, ол «намаз оқымайтындардың барлығы күнәһар. Олардың барлығының  дәрежесі төмен» деп санайды. Жасыратыны жоқ, көп бауырларымыз Отанын тастап, қарулы аймақтарға кетті. Шет ел асып, қару асынып, өмірлерін құрбан етті. Сондықтан, біз жастарды қоғамдағы қауіптен  сақтандыру үшін, намаз оқуда ата-ананың рұқсаты керек екендігін дәріптейміз. Асылында, шариғатта балиғатқа толған бала ата-ананың рұқсатынсыз намаз оқи алады. Бірақ, мәселе бүгінгі қалыптасқан ахуалға байланысты болып отыр» деп атап өтті Бас имам Батыржан қажы Берденұлы.

Айта кетелік, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров Атырау қалалық «Caspian News» телеарнасындағы «Иман сағаты»телебағдарламасына екінші мәрте эфир қонағы болып отыр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...

Мәулімберген мешітіне қосымша намазхана салынып жатыр

islam-atyrau.kz/4 сәуір, 2019 жыл. Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан  Мәулімберген  мешіті Рамазан айына дайындықты бастап кетті.

Қазіргі кезде мешіттің жамағатқа арналған намазханасы кеңейтіліп жатыр. «Намазхананың қабырғасына жапсарлас жалғама ғимарат тұрғызылуда. Алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айының Тарауық  намазы жамағатпен толығады деген ниеттеміз» дейді мешіт қызметкерлері.

Жапсарлас құрылыстың  жүргізілуіне  жамағат атсалысып жатыр.

 

 

Мәулімберген  мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...