Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иман жастары» турнир жеңімпазы атанды

    islam-atyrau.kz/8 сәуір, 2019 жыл. 7 сәуір – Дүниежүзілік  денсаулық күніне орай Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы «Мұнайшы» спорт кешенінде үкімет емес ұйымдар мен ерікті жастар арасында футболдан спартакиада өтті. 

         Турнирге «Salem Atyrau», орталық «Иманғали» мешіті жанындағы «Иман жастары» еріктілер тобы, «Логос-Атырау», «Жеті жарғы», «Рауан-Атырау», «Намыс», «Харакет» қоғамдық қорлары, «Жақсылыққа жаным жақын» қайырымдылық қоры және  облыстық ішкі саясат  басқармасы командалары қатысып, өзара бақ сынасты.

         Тартысты бәсекеде «Иманғали» орталық мешітінің жанынан құрылған  «Иман жастары» еріктілер тобы үздік шықты. Ақтық ойында «Иман жастары»  командасы «Жеті жарғы» командасын ұтып, чемпион атанды.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

ҚМДБ: УАҒЫЗ-НАСИХАТТЫҢ САПАСЫ МЕН САУАТТЫЛЫҒЫ СӨЗ БОЛДЫ (+ ФОТО +ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/8 сәуір, 2019 жыл.  Елордада ҚМДБ-ның Бас кеңсесінде Республикалық ақпараттық насихат тобының жалпы жиналысы өтті. Жиынға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Қоғамдық келісім комитетінің өкілі Нұрғали Қабылов, ҚМДБ бөлім басшылары мен РАНТ мүшелері қатысты.

Жиын барысында РАНТ-қа үміткер дін қызметкерлері тест тапсырып, емтихан сұрақтарына жауап берді. Оның ішінде діни сауалдардан бөлек, тарих, әдебиет пен мәдениетке бағытталған сұрақтар болды. Сондай-ақ РАНТ-қа енді мүше боп кіргендер ауызша емтиханнан өтті. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бұл тест өз кезегінде елдегі имамдардың біліктілігін жетілдіріп, жан-жақты болуға ықпал ететінін атап өтті.

«Бұл, біріншіден, елдің алдына шығатын азаматтардың деңгейін өсіреді. Елімізде дін саласында мықты мамандар жетерлік. Жыл сайын «Нұр-Мүбәрак» университетін көптеген түлектер бітіріп, диплом алуда. Шетелден діни кадр алдыруға мұқтаж емеспіз», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.

Кездесу барысында РАНТ жұмысы, уағыз-насихаттың сапасы мен сауаттылығы жан-жақты талқыланып, атқарылған іс-шаралар есебі пысықталды. РАНТ құрамына қабылданған дін қызметкерлеріне арнайы куәлік табысталды.

 

 

Толығырақ ...