Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ҚАЖЫЛЫҚҚА АПАРАТЫН ТУРИСТІК ОПЕРАТОРЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП КҮШЕЙТІЛДІ (+ВИДЕО)

 islam-atyrau.kz/14 мамыр, 2019 жыл.  "Биылдан бастап олардың қызмет көрсету сапасы егжей-тегжейлі тексеріледі" деп хабарлайды "Қазақстан" арнасы. Мұны Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жанынан ашылған арнайы комиссия қолға алып отыр. Комиссия өкілдері компанияларға қатысты халықтың да, Сауд Арабиясы тарапынан айтылатын ескертпелердің де назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Қажылық – қасиетті сапар. Сондықтан тасымалдаушылар селқос қарап, салғырттық танытпауы тиіс. Бірақ ондай фактілер бар болған соң мүфтият амалын тапты. Енді тек адал қызмет көрсететіндермен жұмыс жүргізіледі. Демек алдымен қауіпсіздік, кейін сапалы сервис, тағы діни тұрғыда сапарлаушыларға дұрыс түсінік беру керек. Осы міндеттерге қосымша туристік компаниялардың тиісті халықаралық сертификаты да болуы шарт. 

 

Алтынбек Ұтысханұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім меңгерушісі:

- Сапалы түрде, жоғары деңгейде өтпеген жағдайда оларға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтиіміздің бұйрығымен ескертпелер жасалады. Ол ескертпелер көбейген жағдайда, фирмалардың қатарынан алынып тасталады. Келесі жылы фирманың қатарында болмағандықтан, кейін қажылық сапарға апара алмайтын болады.

Зикрулла АЛикулов, Туристік компания басшысы:2018 жылы қажылық маусымына елу орынға квота берілген еді. 2019 жылы 115 орын берілді. Бұл дегеніміз осы жылы ендірілген жаңа бағалау жүйесіне біздің компания атқарған қызметіне тиісті мөлшерде бал жинап, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Сонымен діни басқарма жанындағы арнайы комиссия 18 компанияны мақұлдады. Бастапқыда 25 болатын. Ал Сауд Арабиясы отандастарымызға 3200 квота бөліп отыр. Яғни, олар іріктеуден өткен агенттіктер қызметін пайдаланғаны жөн.

Қасиетті орындарға сапар ұйымдастырушылардың жай-күйі мүфтиятқа белгілі. Өйткені соңғы 5 жылда әр қажылыққа миссия өкілдері бекітіліп бірге жіберіліп келді. Олар туристік компаниялардың қызмет көрсету қауқарын қадағалап отырған.

Толығырақ ...

Бас мүфти: Өзге дінге тіл тигізу - мұсылманның сипаты емес (+ ВИДЕО)

   islam-atyrau.kz/14 мамыр, 2019 жыл. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Нұр Астана» мешітінде тарауық намазына қатысып, жиналған жамағатқа уағыз айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.  

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр Астана» мешітінде таруық намазына қатысты. Тарауық намазының алдында жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтай отырып, «Әнғам» сүресінің мазмұны турасында уағыз айтқан мүфти хазірет басқа дін өкілдеріне тіл тигізбеу жайында өзінің өзекжарды ойларымен бөлісті.

«Бұл сүренің бір ерекшелігі - мұнда басқа дін өкілдерінің сеніміне тіл тигізбеу жайында аят бар. Онда «Ғайры (өзге) діндегілердің (ғайры сенімдегілердің) Алладан басқа тəңір тұтып, жалынып-жалбарынатын өздерінің сеніміндегі жаратушы деп таныған құдайларына тіл тигізбеңдер. Əйтпесе, олар да надандықпен, білместікпен сендер бір деп таныған Аллаға тіл тигізіп, сендерге де кесірі тиеді...», - делінген.
Сонымен бірге Құранда «Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме» деп аяқталатын тұтастай бір сүре («Кәфирун» сүресі) бар. Яғни тыныштық үшін, тұрақтылық үшін, ортақ өмір сүріп отырған жер бетіндегі бейбіт өмір үшін барлық нәрсеге төзімділікпен, сабырлықпен, түсіністікпен қарап, басқа біреудің сенімін табаламауы керек екен», - деді Бас мүфти.

Осылайша, қасиетті айдың құлшылығын елордалық жамағатпен бірге өтеген мүфти хазірет тарауық намазының соңында еліміздің тыныштығы, тәуелсіздігіміздің баяндылығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасады.
 

 

 
Толығырақ ...