Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Әйелдер-қыздар секторы мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берді

islam-atyrau.kz/19 мамыр, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне екінші, үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Атыраудағы дәмханалардың бірінде ауызашар дастарханын берді. 

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың қолдауымен өткен шарада барлығы отыз адам қамтылды. Сонымен бірге, орталық "Иманғали" мешітінің әйел жамағатының ұстаздары, Әжелер мектебі қатысқан ауызашар рәсімінде ғибратты әңгімелер айтылып, шара рухани кеш деңгейіне көтерілді.

"Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с): "Кімде-кім ораза ұстаушыға ауыз аштыратын болса, ораза ұстаушының жинаған сауаптарын ауыз аштырушы адам ешбір кемшіліксіз алады" деген. Және "Рамазан айында кім жақсылық жасаса, сауабы еселеніп жазылады" деген де керемет хадис бар. Ауызашарға келген қонақтарымыздың барлығы ораза ұстап жүрген бауырларымыз. Біздің мақсатымыз - қасиетті айдың құрметіне қамкөңіл жандарға жан жылулығын сыйлау" дейді орталық "Иманғали" мешітінің ұстазы Айжарқын Түзелова. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атырау: Бас имам Батыржан Мансұров мұқтаж жандарға қаржылай көмек апарып берді (+ФОТО +ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/18 мамыр, 2019 жыл.  Ізгілік жүректерге қуаныш сыйлайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді.

 Қасиетті Рамазан айында жүзеге асырылған ізгі істі Бас имам Батыржан Мансұровтың өзі бастап, мұқтаж жандардың әрқайсына 30 мың теңге көлеміндегі қаражатты өз қолымен табыстады.

«Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да, əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын берсе, бұл – сауапты қадам» дейді Бас имам.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Cұлтан Бейбарыс мешіті 150 -ден астам отбасыға 10 тонна азық-түлік таратты (+ФОТО +ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/18 мамыр, 2019 жыл. 10 тонна азық-түлік! Жыл басынан бері Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті 150-ден астам отбасыға осынша көлемде азық-түлік үлестірді.

"Жоба аясында мешіт негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды қамтыды. Жобаға мешіттің қайырымды жамағатымен бірге, белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Көшқалиев, "Сәлем" студиясы атсалысты. Мұндай игі бастамалар жалғасын таба береді. Бүгінгідей бейбіт заманда елімізде мұқтаж жандар елеусіз қалмауы тиіс. Ислам дінінің негізінің өзі ізгіліктен, қайырымдылықтан тұрады" дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...