Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда өткен азаншылар сайысында он бес адам қаржылай марапатталды (+ФОТО)

islam-atyrau.kz/21 сәуір, 2019 жыл.

Бүгін Атырауда облыстық деңгейде ұйымдастырылған "Әсем әуезді азаншы" конкурсы өз мәресіне жетті.

Барлығы 98 үміткердің арасынан оза шыққандар Атыраудың бас мешітінде азан шақырып, әуезді дауыспен тыңдаушыларды тәнті етті. Бұл жолы екі қатысушы ең басты сыйлық - Умраға жолдаманың байрағын ұтып алды. Бірінші орын яғни, 500 мың теңгені Саламат Иманғалиев еншіледі. Екінші орын яғни, 500 мың теңге көлеміндегі сыйақы Ұлан Балтабайға бұйырды.

Үшінші орынды Асқар Масабаев иеленді. Оған 200 мың теңге көлеміндегі сыйақы бұйырды.

Бәйгеге тігілген бес бірдей ынталандыру сыйлығын Арал Дүйсенбаев, Марат Әби, Еркін Туралиев, Қадір Үмбет, Жорабек Охасов өзара бөлісті. Бұл қатысушылардың әрқайсы 100 мың теңге көлеміндегі сыйақыны иеленді.

Сайыс соңында демеушілер тағы да жеті қатысушыға ынталандыру сыйлығын тағайындады. Осылайша, Арман Абуталиев, Азамат Қапанов, Айсұлтан Байтүгел, Малик Бақтыбаев, Бекзат Амантурлин, Берікбол Теміртасов және Дастан Бақытжан арнайы түрде ынталандыру сыйлығының иегері атанды. Олардың әрқайсысына 50 мың теңге көлеміндегі сыйақы берілді.

"Азан иманның әсілін,  исламның болмысын қамтиды. Азан Алланы ұлықтайды. Осылайша, азаншы иманға куәлік етеді. Сол арқылы, адамдарды тек Аллаға құлшылық қылуға, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) соңынан еруге үндейді. Алла Елшісі (с.ғ.с) "Азаншының дауысы жеткен жерге дейінгі күнәсі кешіріледі. Оған берілетін сауап онымен бірге намаз оқығандардың сауабымен теңеседі" деген. Кезінде сахабаларымыз да азан айтуды немесе оны тыңдауды жақсы көрген. Демек, әуезді азан Алла құптаған ұлық амалдың бірі" деп атап өтті жеңімпаздарды марапаттау кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

Еске сала кетелік, азаншылар конкурсына орталық "Иманғали" мешітінің ұстазы Хусейн Кая, Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев қазылық етті. Сондай ақ, ҚМДБ-ның "Насихат және қоғаммен байланыс" бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен  белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Кушкалиев арнайы келіп, рухани бәсекеде қазылық етті. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Атырауда «Әсем әуезді азаншы» сайысы басталды (+ФОТО)

  islam-atyrau.kz/2 мамыр, 2019 жыл. Бүгін Атырауда азан жарыс басталды. Орталық «Иманғали» мешітінде өтіп жатқан азан жарысына қазіргі уақытта тоқсан адам қатысып, азан шақыруда.

Құлғазиев Салават Келбатырұлының рухына арналған азаншылар жарысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұров, орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Хусейн Кая, Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев қазылық етуде. Сондай ақ, «Әсем әуезді азаншы» сайысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Көшқалиев арнайы келіп, қазылық жасап отыр.

Еске сала кетелік, жарыстың басты талабы - азанды тәжуид ережелеріне сай шақыру, азанның соңында оқылатын дұғаны айту және азанды әдемі мақаммен оқу.

Жүлде қоры - 1 миллион 500 мың теңге.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі

Толығырақ ...

Ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы атыраулық жастармен кездесті

islam-atyrau.kz/2 мамыр, 2019 жыл.

Атырауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Насихат және қоғаммен байланыс" бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы орталық "Иманғали" мешітінде жастар жамағатымен жүздесті. Шам намазынан кейін өткен кездесуде "Жастар және дін" тақырыбында уағыз айтқан ұстаз жастар жамағатын уақыттың қадірін білуге шақырды.

"Уақыт Алла Тағаланың бізге берген шексіз нығметі. Оны не өз игілігімізге жаратамыз не болмаса зая кетіріп, өзімізге масыл етеміз. Сол үшін де Алла алдында жауап береміз. "Ей, Адамның ұрпағы, сен бұл сенің күндерің. Күнің өткенде, онымен бірге сенің өмірің де кетеді" деген аманат бар. Ендеше, әр мұсылман баласы уақытын ілім алуға, дұғада болуға және жақсылық жасауға арнағаны абзалырақ" деді ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...