Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау: қажы аналарды Рамазанмен құттықтады

 islam-atyrau.kz/22 мамыр, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау өкілдігі және орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Әжелер мектебі қажы аналарды Рамазан айымен құттықтады.

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың қолдауымен өткен ауызашар дастарханына 30 қажы қатысты.

«Бізді жоқтан бар еткен Алла Тағаланың 99 есімін зікір ету, сүйікті Елші, асыл Пайғамбарымызды (с.ғ.с) ұлықтау – мұсылмандық парызымыз. Осы орайда, қажы аналарымыз ұлттық дәстүрімізбен ұштасқан ислам дінін халыққа жеткізу, елдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтауда зор еңбек сіңіруде» дейді Әйелдер-қыздар секторының Атырау өкілдігінің жауаптысы Айжарқын Түзелова.

 

Рухани шара аясында қажы аналарға Рамазан құрметіне сыйлықтар берілді.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...