Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Рамазан керуені»: Сұлтан Бейбарыс мешітінде 100 отбасына азық-түлік таратылды (+ВИДЕО)

  islam-atyrau.kz/28 мамыр, 2019 жыл. Елордадан бастау алған «Рамазан керуені» акциясына Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен мұнайлы өлкенің жергілікті мешіттері де үлес қосып жатыр.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде көп балалы 100 отбасына азық-түлік таратылды.

 «Зарият» сүресінің 19 аятында «Олар қолдарындағы мал-пұлдарында қайыр садақа тілеген пақыр міскіндер мен (ар-ұятты болғандықтан ешкімге қол жаймайтын) садақадан мақұрым қалған кедей-кепшіктердің де ақысы бар екенін ұмытпайтын» деген жолдарды басшылыққа ала отырып, біз жалпы салмағы 3,5 тонна болатын азық-түлікті таратып отырмыз. Адамзаттың асылы Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Кімде-кім мұсылман бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла Тағала да оның мұқтаждығын өтейді» деген хадисі бар. Мұндай игілікті істерді Рамазан айымен ғана шектемей, әр кез жүзеге асырып отырғанымыз абзал» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

"Рамазан керуені": Мәулімберген мешітінде он бір отбасына азық таратылды

    islam-atyrau.kz/28 мамыр, 2019 жыл. Елордадан бастау алған «Рамазан керуені» акциясына Атырау мешіттері де үлес қосып жатыр.

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мəулімберген мешітінде қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында әлеуметтік тұрмысы төмен он бір отбасына азық-түлік пакеті таратылды.

 

«Әр қайсысы  кг болатын пакеттерге негізінен тұрмысқа ең қажетті азықтар салынды. Қайырымдылық акциясына мешітіміздің тұрақты жамағаты, жеке кəсіпкер Бақтыбай Бекманов қолдау көрсетті. Мұқтаж  жандар әркез назарда болады» дейді Мəулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...