Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда нәзік жандар «Хашр» сүресін мағынасымен айтудан жарысты

islam-atyrau.kz/29 мамыр, 2019 жыл.   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Иманғали» мешітінде әйел адамдар арасында ерекше жарыс болып өтті.

Қасиетті Құран-Кәрімнің «Хашр» сүресін мағынасымен айтудан өткен жарысқа 14 үміткер қатысты. Тартысты бәсекеде бірінші орынға Қамария Кемелханова лайық деп танылды. Екінші және үшінші орындарды  Гүлдерай Омарова мен Айқоңыр Нұрмұханбет өзара бөлісті.

«Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Кімде-кім таңертең үш рет: «(Рақымыңнан) қуылған шайтаннан сақтай гөр!» деп, бәрін Естуші һәм бәрін Білуші Аллаға сыйынамын» деген соң, «Хашр» сүресінің соңғы үш аятын оқыса, Алла Тағала әлгі құлы үшін кешке дейін кешірім тілеп, дұға ететін жетпіс мың періште тағайындайды. Егер адам сол күні дүниеден озса, о дүниеге шейіт болып аттанады. Ал, кімде-кім кешке оқыса, оның жағдайы да таңертең оқыған адамның жағдайындай болады» деген. Сондықтан да, «Хашр» сүресін оқуың өзі үлкен сауапқа ие амал болып табылады. Біздің мақсатымыз – жүректерге имандылық нұрын себу» дейді Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің жауаптысы Айжарқын Түзелова.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...