Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы Атыраудың бас мешітінде жұма уағызын жүргізді

islam-atyrau.kz/3 мамыр, 2019 жыл.Мұнайлы өлкеге жұмыс сапары аясында мүфтияттың «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы орталық «Иманғали» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Жергілікті мешіт жамағатымен кездесу кезінде ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы ораза ұстаудың қадір-қасиеті туралы айтты.

«Оразаның ең маңызды ерекшелігі мен оның негізгі мақсаты – адамның нәпсісін игеруге, тәрбиелеуге көмектеседі. Адамның ерік-жігерін, күшін арттырады. Таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ, сусын секілді нәрселерден нәпсісін тежей білген адам кез келген сәтте күнәлі істерден де нәпсісін ауыздықтай алады. Ораза тұту адамды ұстамдылыққа, сабырлылыққа, сөзіне берік әрі ісіне ұқыпты болуға тәрбиелейді. Сонымен қатар, Алла Тағала оразаны басқа ғибадаттардан ерекшелеп, оның сауабының қаншалықты екендігін Өзі ғана білетіндігін айтқан. Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінен (с.ғ.с.) риуаят еткен құдси хадисте: Алла: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін. Ал, (ораза) Мен үшін болғандықтан, оның сауабын өзім беремін» деген. (әл-Бухари)» деп атап өтті ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атырау мешіттерінде жамағатқа ораза кестесі таратылды

 islam-atyrau.kz/3 мамыр, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың тапсырмасымен, бүгін Атырауда және аудан, ауылдардағы мешіттерде жұма уағызында ораза кестесі таратылды.

Мәселен, бір ғана Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте ораза кестесіжұма намазына келген барлығы 500 адамға үлестірілді. «Аллаға шүкір, уақыт өткен сайын имандылыққа бет бұрып, ораза ұстаушылар қатары көбейіп келеді. Ораза ұстауға бекінген кез-келген мұсылман баласы өзін мазалаған сауалдар бойынша мешіт имамдарына келіп кеңес ала алады. Барлық мәселелерге шариғи тұрғыда түсінік беруге дайынбыз» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев.

Еске сала кетелік, қасиетті Рамазан мамырдың 6-сы күні басталады. Бұл жолы ораза – 30 күн. Пітір садақа мөлшері – 300 теңге. 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн  - қасиетті Қадір түні. 5 маусымда жергілікті уақытпен 7.00-де Айт намазы оқылады.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі

Толығырақ ...

Ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы университет жастарымен кездесті

islam-atyrau.kz/3 мамыр, 2019 жыл.  Мұнайлы өлкеге жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті. Мәртебелі мейманды мүфтияттың Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров бастап барды.

Жастар жылына орай өткен кездесуде ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы ата-ананы сыйлау, қоғамнан бөлінбей өмір сүру, туыстық қатынастарды жақсарту тақырыптарына кеңінен тоқталды.  «Алланың разылығы - ата-ананың разылығында, ал Алланың ашуы ата-ананың ашуында. Ата-аналарымыз бізге өте көп жақсылықтар жасады. Олар бізді дүниеге әкеліп қана қоймай, ең нашар, күйсіз күндерінде қаншалық мехнат, машақаттарға төзіп, шынайы жүректен жақсы көріп, бауырына басып «табаныңа кірген шөгір маңдайымызға кірсін» деп, қиыншылықтарымызды көтерді. Ата-ананың жақсылығына ешбір жанның жақсылығы тең келмейді. Олар балаларына жан-жақты білім беріп, олардың діни және дүниелік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Айта берсек, ата-ананың жақсылығы ұшаң-теңіз. Осы себептер үшін ата-ана ризалығы Алла ризалығымен, ал олардың ашуы Алланың ашуымен қатар қойылған» деп атап өтті ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Мектеп түлектері мешітке арнайы келіп, сұхбат құрды

islam-atyrau.kz/3 мамыр, 2019 жыл.  Атырау қаласындағы  Тасқала ауылында орналасқан  Мəулімберген мешітіне аталмыш ауылдың Т.Амандосов (бұрынғы Кең-Өзек) атындағы орта мектепті 1979 жылы бітірген түлектер арнайы келді.

Мектеп бітіргендеріне 40 жыл болған аға-апаларымыз, дүниеден озған ұстаздарға, қатар-құрбыларына Құран бағыштады.

Мешіттің бас  имамы Мақсот Бағытжанов меймандарды жылы қабылдап, түлектер арасынан мешіт жамағаты, Мағзом Ділмағамбетұлы шынайы ризашылығын білдірді.

«Ясин (сүре) Құранның жүрегі. Оны кімде-кім оқып, Алладан ақыреттің бақытын тілесе, Алла оны мағфиратпен қауыштырады. Ясинды өлген адамдар үшін де оқыңыз» (Муснад, 5/26) деген өсиет бар. Асылында, өлілерге тірілердің қылған дұғасы жетеді. Әруақтарға Құран бағыштау ең ізгі амалдың бірі» дейді Мəулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Рамазан қарсаңында: Мәулімберген мешітінде игі істер атқарылуда

  islam-atyrau.kz/3 мамыр, 2019 жыл.  Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айына дайындық Атырау мешіттерінде қыза түсті.

Қазіргі таңда Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешітінде жан-жақты тазалық жұмыстары, әктеу-сырлау шараларымен бірге, безендіру жүргізіліп жатыр.

Мешіт ауласына түрлі баннерлер ілінді. Онда мұсылман баласы тәлім алатын  хадис-шарифтер жазылған.

«Сондай ақ, мешітімізде отыз күн ораза бойы жамағат үшін тегін ауызашар дастарханы жайылады. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүруде» дейді Мәулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.

***

Қасиетті Рамазан қарсаңында аталмыш мешіттің бас имамы Мақсот Бағытжанов қайырымдылық іс жасап, өзгелерге үлгі көрсетті. Жергілікті тұрғын Аманқос Аманбаев. 3-ші топ мүгедегі. Мәулімберген мешіті атынан бұл азаматқа киім-кешек, азық-түлік тапсырылды.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі

Толығырақ ...

Ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы Құспан молла мешітінің жастар жамағатымен кездесті

 islam-atyrau.kz/3 мамыр, 2019 жыл. Атырауға жұмыс сапары аясында  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Насихат және қоғаммен байланыс" бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы кеше Атырау қалалық Құспан молла мешітінде жастармен жүздесті.

Құптан намазына дейін «Жастар және дін» тақырыбында уағыз айтқан ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы зайырлы мемлекетте дінді ұстану, қоғаммен байланыс, ата-анаға құрмет мәселелеріне кеңінен тоқталды.

«Қазақ халқының ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтқан. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Ал, зайырлы мемлекет дегеніміз — адамның, азаматтың өмірін, денсаулығын, құқын сыйлайтын, дәстүрлі діндерді қастерлеп-құрметтейтін мемлекет. Біздің мемлекетімізде азаматтардың дінді ұстануына, діни және заманауи білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Сондықтан, әр азамат қоғамның дамуына үлесін қосуы тиіс» деп нақтылады жастармен арадағы сұхбатын ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...