Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Рамазан айы қарсаңында Сұлтан Бейбарыс мешітінде игі істер атқарылуда

 islam-atyrau.kz/4 мамыр, 2019 жыл. Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айына Атырау облысының мешіттері үлкен дайындықпен келіп отыр.

Қасиетті жұма күні Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қуанышұлы жұма уағызында жамағатқа Тарауық намазын жүргізетін қариды таныстырды. Муxаммадазиз Шаxмансуров - Ықылас медресесінің  биылғы түлегі. Кентау қаласындағы Хантағы ауылының тумасы.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен мұнайлы өлкедегі барлық мешіттерде ұйымдастыру шаралары нақтыланды.

***

Рамазан айының құрметіне Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде жұма күні жамағатқа тегін нан таратылды. «Садақа – жүректерді жұмсартады. Және садақаның ең абзалы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) айтқандай, өзгені тамақтандыру. Осындай игі істер келешекте қоғамдық үрдіске айналады деп сенеміз» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі

Толығырақ ...

Жылыой ауданы: Рамазан айына дайындық мәселесі талқыланды

 islam-atyrau.kz/4 мамыр, 2019 жыл.  Қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты мешіт имамдарының басын қосқан жиын өтті. Жылыой аудандық «Жылыой мұсылмандар» мешітінің Бас имамы Арман Исаев,  ҚМДБ-ның Атырау облысының өкілі, «Иманғали» мешітінің Бас имамы  Батыржан қажы Берденұлының жиналыста берген тапсырмасын жеткізді.

«Қасиетті Рамазан айындағы құлшылығымызды және мешітке келетін халық алдындағы қызметімізге ерекше ықыласпен қарайық. Мүфтият тарапынан келген әрбір тапсырма жоғары деңгейде орындалуы тиіс. Қасиетті айдағы атқаратын істеріміз айқын, Алла баршамызға күш-қуат берсін» деді ауданның бас имамы Арман Исаев.

Сондай-ақ, Рамазан айында өткізілетін іс-шаралар жайын талқылап нақты тапсырмалар берді.

 

Жылыой аудандық орталық мешіттің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Мəулімберген мешітіне қарилар келді

 islam-atyrau.kz/4 мамыр, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айында еліміздің барлық мешіттерінде Тарауық намазы оқылады.

Қазіргі таңда аймақтағы мешіттерге отыз күн оразада жамағатқа қызмет көрсететін қарилар келуде.  Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылындағы  Мəулімберген мешітіне Нұр-Мүбəрак египет-ислам мəдениеті университетінің шəкірттері Ислам Қаюпов пен Айбек Шəкидани есімді қос қари келді.

Қасиетті жұма намазының алдында аталмыш мешіттің бас имамы Мақсот Бағытжанов қариларды жамағатқа таныстырып, мешіт ақсақалы Қайрош қажы Қуанұлы бата берді.

 

***

Рамазан айының құрметіне Алматыданарнайы Атырауға келген қарилар Ислам Маратұлы мен Айбек Нұрланұлын  Кеңөзек ауылдық округінің əкімі Ернар Өтешқалиев қабылдады.

Ресми кездесуде Мəулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов ауыл əкімі Ернар Өтешқалиевке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұровтың Рамазан айына байланысты құттықтауын табыстады.

Кездесуде елдегі діни ахуал мәселесі талқыланды.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Майкөмгенде мешіт ашылды

   islam-atyrau.kz/4 мамыр. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылында  «Майкөмген» мешітінің ашылу салтанаты болып өтті.

 Құлшылық ордасының ашылу салтанатына Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет, Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев, ауыл имамдары, қажылар, бірқатар зиялы қауым өкілдері және жамағаттар қатысты.

 -Майкөмген ауыл іргесінен бой көтерген мешіт өңірдегі ұлтаралық, дінаралық татулықтың тірегі, имандылықтың алтын ұясы болады деп сенемін. Халықтың мерейін үстем етіп, мешіт салуға қолдау көрсеткен барша азаматттарға алғыс айтамын,-деді Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет.

Мешіт ашылуына орай, Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев Қасиетті Құран аятын оқып, дұға жасады. Және мүфтияттың Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлының құттықтау сәлемін жеткізді.

 -Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын. Құрметті бауырлар, біздер қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп отырмыз. Құлшылық жасауға барлық жағдай жасалуда осы күнімізге Аллаға сансыз шүкіршілік айтуымыз керек, - деген Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев мешіт кітапханасына ең үлкен сыйлық - қасиетті Құран Кәрімді тарту етті.

 Құлшылық үйінің үш күмбезі, бір мұнарасы, әйелдер залы, имам бөлмесі және мешіт жанында тахаратхана орналасқан. Мешітке Дидар Сыздықов имам болып тағайындалды. 

 

  

Толығырақ ...