Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау: Бас мүфти атынан ауызашар берілді

islam-atyrau.kz/7 мамыр, 2019 жыл. Атыраудың орталық «Иманғали» мешітінде алғашқы ауызашар дастарханы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың атынан берілді.

Ауызашар дастарханына келген жамағатты Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров құттықтады.

«Ораза – Алла Тағала мен пенде арасындағы риясыз құлшылық, тек Раббымыздың разылығын көздейтін ұлық ғибадат. Рамазан айын сауапты амалдармен өткеруді нәсіп еткей. Жастарымыз аман, ел іргесі берік болсын» деген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров әр күнді ізгілікке арнауға үндеді.

Рамазан айын Атыраудың бас мешіті алты киіз үймен қарсы алып отыр. Киіз үйдің екеуі ерлер жамағатына, екеуі әйелдер жамағатына, біреуі жастарға, біреуі қонақтарға арналған. Осылайша орталық мешіттен бір мезгілде 750-800 адамға ауызашар беріледі.

 Еске сала кетелік, биыл ораза 30 күн. Пітір садақа мөлшері – 300 теңге. 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн  - қасиетті Қадір түні. 5 маусымда жергілікті уақытпен 7.00-де Айт намазы оқылады.

 

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атырау: Өкіл имам «Иман жастары» еріктілерінің ата-аналарымен кездесті

 islam-atyrau.kz/7 мамыр, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары  діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, мүфтият жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен орталық «Иманғали» мешіті жанынан «Иман жастары» еріктілер қозғалысының жұмыс істеп жатқаны белгілі.

Толығырақ ...

Рамазан айшықтары: Сұлтан Бейбарыс мешітінде 60 адамға құрма мен зәм-зәм суы таратылды

  islam-atyrau.kz/7 мамыр, 2019 жыл.  Сауабы мен шарапаты мол ай - оразаның алғашқы күні Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде қасиетті Мәдинә қаласынан алынған әжуә құрмасы мен зәм-зәм суы шам намазына келген жамағаттарға үлестірілді. Осылайша, ауыз ашар үшін бір мезгілде 60 адамға   құрма мен зәм-зәм суы таратылды.

         Бүгінгі таңда мешітте Рамазан жоғары дәрежеде өтіп жатыр. Кеше кешкілік Тарауих намазына жиналған жамағаттың санында шек болмады. Намазға жиналған жұртшылыққа Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев уағыз айтты.

«Рамазан - ақ пен қараны ажыратушы, адамзатқа тура жол көрсетуші қасиетті Құран түскен ай. Жылына бір рет келетін бұл айда көптеп сауап жинауға зор мүмкіншілік бар. Рамазан айында тозақ есіктері жабылады, жұмақ есіктері ашылады, шайтандар кісенделеді. Рамазанның алғашқы он күндігі рақым, ортасы кешірім, соңғы он күндігі тозақтан құтылу, осы айда барынша жақсылықтар, ізгі істер жасап Алланың уәде еткен сауабынан үлесімізді алуға асығайық» деген  бас имам Ержан Қағазғалиев намаз соңында еліміздің тыныштығы, жеріміздің тұтастығы үшін дұға тіледі.

Еске сала кетелік, Рамазан құрметіне мешітте «Құран», «Тәжуид», «Әліппе» дәрістері тұрақты жүріп жатыр. Мешітте күніге бір мезгілде 100 адамға ауызашар беріледі. 

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі

Толығырақ ...