Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Тоқаевты Түркия Президенті Ердоған құттықтады

  islam-atyrau.kz/10 маусым, 2019 жыл.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің және түрік халқының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Саяси тұрақтылық сабақтастығының маңызды көрсеткіші ретінде осы сайлаудың табысты аяқталғанына қуанышты екенін айтқан Түркия Президенті Қазақстанның алдағы дамуына сенім білдірді.

«Қазақстанның тыныштық пен тұрақтылық жолындағы қадамдарын одан әрі жалғастыра түсетініне және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қоса беретініне күмәнім жоқ. Халықтарымыз арасындағы тарихи және ежелгі достыққа негізделген Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мырзамен біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында жоғары деңгейге жетті. Осы орайда, елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды барлық салада одан әрі дамыту үшін жұмыс істеуге дайын екенімді атап өткім келеді»,- делінген жеделхатта.

Түркия Президенті Мемлекет басшысына денсаулық, бақыт тіледі. 

Толығырақ ...

ЕЛШІЛЕР, ƏКІМДЕР, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ БАС МҮФТИДІ АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 islam-atyrau.kz/10 маусым, 2019 жыл. Еліміздегі жəне шетелдегі мемлекет, қоғам, дін қайраткерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Оразды мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі - ораза айтпен құттықтады.

Атап айтқанда, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Мақсатбек ажы Токтомушев, Түркияның Төтенше және өкілетті Елшісі Невзат Уянык, Қатар Мемлекетінің Төтенше және өкілетті Елшісі Ахмед Әли Әл Тамими, Оман Сұлтандығының Елшісі Саид бен Мохаммед Аль-Барами, Иран Ислам Респбуликасының Елшісі Мәжид Сабер, т.б тұлғалар Бас мүфтиге игі ниеттерін жолдады.

ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов:

«Сізді Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Ораза айында ауыз бекітіп, еліміздің ауызбірлігі мен халқымыздың амандығын тілеген ізгі ниетті қауымның дұға-тілектері қабыл болсын!

Ораза айт – мейірім, ынтымақ, береке-бірліктің мейрамы екендігін тілге тиек етіп, исі мұсылман баласының осы күні шат көңілмен бір-біріне білдіретін игі ниеттерінің қабыл болсын!

Шуақты мерекемен құттықтай отырып, Сізге және отбасыңызға амандық, бақыт, ризық-несібе тілеймін!»

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев:

«Сізді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Барша мұсылман үмбетін ізгілікке шақырған Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын жаңа бастамаларға ұйытқы боп, халқымыздың қалыптасқан дін мен дәстүрінің үндестігін өскелең ұрпаққа жеткізуде үлкен үлеес қосуда.

Қасиетті де ұлық мереке қарсаңындағы барлық амалдарыңызды және ниеттеріңізді Алла қабыл етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»

 

 Түркияның Төтенше және өкілетті Елшісі Невзат Уянык:

«Айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан айында ьілеген барлық ақ тілек, ізгі ниеттеріңіз қабыл болсын. Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, мол бақыт, бауырлас елдерімізге ынтымақ-береке тілеймін!».
 
Толығырақ ...