Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт құрылысын кеңейту басталды

 islam-atyrau.kz/14 маусым, 2019 жыл. 1000 теңгемен мешіт сал! Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт осындай бастама көтеріп отыр.

Кеше мешіттің алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті. Осынау салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров қатысып, мешіттің алғашқы қазығын өз қолымен қақты.

«Қазіргі таңда мешіт ғимараты тым шағын. Күн санап көбейіп жатқан жамағат қатарын ескерсек, құлшылық жасаушылар үшін мешіт ғимаратында қолайлы жағдай жасалуы да  маңызды. Осылайша, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт ғимаратын үлкейту мәселесі - заман талабынан туып отыр.

Он сегіз мың ғаламды Жаратушы Алла Тағала қасиетті Құранда «Ізгілік пен тақуалықта өзара көмектесіңдер» дейді. (Мәида сүресі 2 аят). Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ең жақсы садақа - Алла жолында, Алланың діні жолында дүниесінен, байлығынан садақа беру» деген. Ендеше, ізгілік жолында бірігейік» деді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров салтанатты шара кезінде.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің  бас имамы Ардақ Жұмабекұлының айтуынша, мешіт құрылысына азаматтар қаржылай ғана емес, дайын құрылыс материалы болса да, ұсына алады. Қазірдің өзінде мешіт жамағаты, жомарт жандар жан-жақты үлес қосып, қолдау білдіруде» дейді аталмыш мешіттің  бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

          Сауаптан үміт еткен жандар қаржылай көмекті төмендегі есепшоттарға аудара алады.

 Kaspi Gold: 5169 4971 2750 0258

ИИН:680709301726

☎️ Мәлімет үшін байланыс телефондары:

 +7 (701) 362 34 12 Орынғали аға

 + 7 (701) 676 58 21 Тимур аға

 +7 (702) 600 79 77 Аманқос аға

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...