Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Әбу Ханифа" медресе колледжінің түлектері диплом алды

 islam-atyrau.kz/19 маусым, 2019 жыл.  Әбу Ханифа медресе колледжінен түлеп шыққан шәкірттерге диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы, Әбу Ханифа медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет Пірманұлы, Әбу Ханифа медресе колледжінің ұстаздары және шәкірттердің ата-аналары қатысты.

Әділбаев Алау Шайқымұлы:

«ХХІ ғасыр имамдарына артылар сенім мен жауапты жұмыстың маңызы өте зор. Құрметті түлектер, сіздерді елімізге, дәстүрлі дініміздің өркендеуіне аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Сіздерге әрқашан сәттілік, жұмыстарыңызға табыс тілейміз»,-деді.

Әбу Ханифа атындағы медресенің 3 жылға жуық бағдарламасы бойынша білім алған 37 түлектің арасында қызыл дипломмен тәмамдаған шәкірттер де бар. Медресе директоры Құлмұхаммед Маханбет болашақ имамдарға ізгі тілегін білдіріп, үш жылда жинаған білімді өзгелерге жеткізуде табанды болуларын талап етті.

 

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ХАБАР 24 АРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ (ВИДЕО)

  islam-atyrau.kz/19 маусым, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Хабар 24 арнасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында Бас мүфти:

«Ғұламалар жақсы қоғам құрудың төрт негізін атаған. Бірінші – ғалымның білімі, екінші – патшаның кеңдігі мен әділдігі, үшінші – бай-дәулетті адамның жомарттығы, төртінші – бұқара халықтың дұға-тілегі.
Демек, ғалым білімін қоғамға жайып, жастарды ғылымға үйретсе, патша халыққа кеңшілік жасап, қоғамда әділдік орнатса, бай кісі қолындағы байлығымен бөлісіп, жомарттық жасаса, ал халық дұғагөйлігін танытса, сонда ол қауымның берекесі артып, бірлігі жарасады.
Осы құндылықтар үйлесімін тапқан кезде ғана жақсылықтардың есігі ашылады. Бұл төрт негіз – мығым төрт таған іспетті. Егер, бірі бұзылса, қалған үшеуі әлсірейді», – деп атап өтті.
Толығырақ ...