Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау мешітінде Арыс халқы, ел тыныштығы үшін дұға жасалды

islam-atyrau.kz/24 маусым, 2019 жыл.  Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға орай, бүгін Атыраудың бас мешітінде дұға жасалды. 

    Мүфтияттың шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоханов Жаратушыдан еліміздің амандығын, Арыс жұртшылығының саулығын сұрады. Бұл тілекке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары – наиб мүфти Алау Әділбаев , Діни істер жəне талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет жəне  Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров қосылды.

"Осындай күрделі шақтарда мұсылман қауым бірлесіп, дұға жасап, Алладан сұрауы керек. Еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы ең басты байлығымыз. Біз Арыс халқымен біргеміз және олардың қайғысына ортақпыз. Осындайда тұтас ел болып бірігіп, қиын жағдайда бауырларымызға жан-жақты қолдау білдіруіміз керек. Алла Тағала елімізді тыныштықта сақтағай" деді Бас имам Батыржан Мансұров. 

Еске сала кетелік, бүгін таң атысымен Арыс қаласындағы әскери полигонда снарядтар жарыла бастады. Қазіргі уақытта қалада төтенше жағдай жарияланып, арыстықтар дереу Шымкент қаласына эвакуацияланды. Оқиға орнына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барып, мемлекеттің халықты қиын жағдайда қалдырмайтынын айтты. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Атырауда имамдар аттестациялық сынақтан өтті

  islam-atyrau.kz/24 маусым, 2019 жыл. Бүгін Атыраудың орталық «Иманғали» мешітінде аймаққа қарасты имамдар аттестациядан өтті.

Аттестациялық сынаққа барлығы 79 имам қатысып, өз білімдерін сарапқа салды. Сынақ екі кезең бойынша өтті. Басты жаңалық сол - сынақты имамдар автоматтандырылған режимде, яғни, компьютерге енгізілген бағдарлама арқылы тапсырды. Бұл дегеніңіз - цифрландыру саласындағы соны жаңалықтар мүфтияттың Атырау өкілдігіне енді деген сөз. 

Бірінші кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, ислам тарихы, тұғырнама және тұжырымдама бойынша ауызша сынақ тапсырып, тақырыптар бойынша сауалдарға жауап берді. Екінші кезең тест сұрақтарына құрылды. Бұл кезеңде имамдар ақида, фиқһ және әкімшілік жүйе (қолданыстағы заңнамалар) бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап берді.

Баллдық жүйе бойынша білім сараланған аттестацияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары – наиб мүфти Алау Әділбаев төрағалық етті. Сондай ақ, сынақ комиссиясы құрамында  мүфтияттың шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, Діни істер жəне талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет болды.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың білім деңгейі мен біліктілігін арттыру мақсатында аттестациялау, тағайындау және ұсынудың жаңа тәртібін қалыптастырды. Осылайша, мүфтияттың Ғұламалар кеңесі имамдарды аттестациялаудың өзіндік ережесін бекітті. 

 

 

 

 Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Наиб мүфти Алау Әділбаев Құспан молла мешітінде жамағатпен кездесті

 islam-atyrau.kz/24 маусым, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары – наиб мүфти Алау Әділбаев Атырауға сапары аясында Атырау қалалық Құспан молла мешітінде жамағатпен жүздесті.

Құптан намазы алдында өткен кездесу кезінде ұстаз Алау Әділбаев жақсылық жасаудың маңызы туралы айтты.

«Жаратушы Иеміз «Ағраф» сүресінде былай дейді: «Сен кешірім жасаумен елемеуді дұрыс көрЖақсылықты тала петНаданмен надан болмаЕгер кез-келген сәтте түлен түртіпжамандыққа құлқың тартса дереу Алла Тағалаға сыйынӨйткеніЖаратушы Ие барлық дұғаны естіп қабыл етушіОл күмәнсіз бәрін білуші».

Әринемұндай игі қадам көбінесе ар- намысы асқақрухы зорұятты қалқансабырды серік еткениманы берік мүмін мұсылмандардың ғана қолынан келедіМұсылмандардың жақсылыққа әрдайым жақын тұратыны Ислам діні арқылы бойға дарығанСебебіИслам жақсылықтыізгілікті   дәріптейтін дін» деді ұстаз Алау Әділбаев Құптан намазы алды уағыз кезінде.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...