Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров бастаған делегация Арысқа арнайы барып, көмек көрсетті (+ФОТО +ВИДЕО)

 islam-atyrau.kz/1 шілде, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, мұнайлы өлкенің Бас имамы Батыржан Мансұров бастаған делегация апаттан зардап шеккен Арыс халқына арнайы барып, басу айтты.

Құрамы Атырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Назарбай Абдураманов, Әт-Тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов  және Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаевтан тұратын делегацияны алдымен мүфтияттың Түркістан өкілдігі қарсы алды. Кейін делегация Арыс қаласына барып, тосын апаттан жапа шеккен тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров Арыстағы апаттың күлі қазақстандықтарды біріктіргенін атап өтті. «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) мұсылман бір дене іспеттес. Бір жері ауырса, басқа жағы да оны сезінеді» деген. Отандастарымыздың басына түскен апатты жағдайға барша қазақстандық бірге қиналып отыр. Осындай ауыр жағдайларда әр мұсылман баласы жақсылық жолында бірігуге дайын тұруы керек. Адам басына қиындық түскен кезде, сабыр сақтай білу маңызды. Алла Тағала бір қиындықтың артын бір қуанышпен сүйіншілейді. Жақсылықтан үміт үзбеңіздер» деген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров еліміздің тыныштығы жолында дұға жасады. Және апаттан зардап шеккен 106 отбасының әрқайсына 20 мың теңгеден жәрдем таратты. Сондай ақ, жергілікті мешітке көмек ретінде 200 мың теңге тапсырылды. 

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты аймақтағы 31 мешіттің имамдары қайғылы жағдайға ортақтасып, өзара қаражат жинады. Сондай ақ, Атырау қаласына қарасты мешіт жамағаты арасында «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылып, жиналған сома осылайша арыстықтарға тапсырылып отыр.  

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Қажылық миссия мүшелерінің алғашқы отырысы өтті

 islam-atyrau.kz/1 шілде, 2019 жыл. ҚМДБ қажылық және ұмраға байланысты жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді. Бес парыздың бірін өтеу жақындаған сайын тірлік те қыза бастайды. Бұл жолы биылғы «Қажылық-2019 маусымына» байланысты алғашқы алқалы отырыс өтті.

Жиын барысында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев қажылықтың мәніне тоқталып, алдағы сапарға сараптама жасады. Оның ішінде 4 бағытқа ерекше тоқталды. Ол ұйымдастырушылық, уағыз-насихат, ақпарат және дәрігерлердің жұмысы. Елімізден қажыларды апаратын 18 компанияның дәрігеріне басшылық жасап, жұмысын ретке келтіретін құрам анықталды. Өйткені елден баратын 3200 қажының денсаулығына қарау ақ халаттыларға жүктелетіні рас.

Одан бөлек ҚМДБ жанындағы «Хикмет» телерадиостудиясы да Мекке және Медина қалаларынан ақпарат таратады. Дөңгелек үстел барысында ақпарат тобына тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ уағыз-насихат және пәтуа беру мамандары миссияның мүшесі болып кірді. Оған да себеп жоқ емес. Түрлі дәрежедегі қажыларымыздан келетін сауалдарға пәтуа бөлімінің мамандары жауап береді.

Ал аталған жұмыстардың барлығын бір арнаға тоғыстырушы ҚМДБ-ға қарасты Қажылық бөлімі екенін айта кеткіміз келеді.

 

Толығырақ ...