Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мәулімберген мешітінде бүлдіршін қыз балалар үшін жазғы сауат ашу дәрісі жүріп жатыр

islam-atyrau.kz/2 шілде, 2019 жыл. Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешітінде бүлдіршін қыз балаларға жазғы сауат ашу дәрісі жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта жас шәкірттерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қарилар дайындау орталығының қыздар бөлімінде білім алып жатқан шәкірт Фатима Ермағамбет дәріс беруде.

«Дәріс аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері өтеді. Дәріс барысында бүлдіршін қыздарымыз діни сауат ашып, пайдалы ілім ала алады. Біздің мақсатымыз иманды ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу» дейді Мәулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында футболдан жарыс өтті

islam-atyrau.kz/2 шілде, 2019 жыл. Орталық «Иманғали» мешіті жанындағы жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында футболдан жарыс өтті.

Төрт  командаға бөлініп ойнаған шәкірттер өзара бақ сынасып, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Ойын барысында балаларға тәттілер таратылып, таза ауадағы демалыс шәкірттерге ерекше серпіліс сыйлады.

«Қазіргі уақытта діни сауат ашу курсында 70-ке жуық ұл мен қыз бала білім алып жатыр. 7-15 жас аралығындағы балалар курста бір ай бойына оқиды. Шәкірттерге «Құран»,  «Әліппе»,  «Сенім», «Фиқһ мәселелері», «Ахлақ», «Сира» және «Дұға» сабақтары аясында білім алуда. Сауат ашу курсында сабақ  аптасына бес рет екі сағаттан өтеді» дейді орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мақсат Алпысбаев.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...