Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Сұлтан Бейбарыс мешітінде әйел жамағаты үшін сауат ашу курсы жұмыс істеуде

 islam-atyrau.kz/3 шілде, 2019 жыл.  Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде әйел жамағаты үшін жазғы сауат ашу курсы жұмысын бастады.

Аптасына бес рет өтіп жатқан курс барысында шәкірттер «Құран», «Тәжуид», «Сира» тақырыптары бойынша білім алуда.

«Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырды. «Иқра!» (Оқы!) деп басталған сөз «оқу мен жазуды игер» деген мағынаны береді. Тарихта мұсылмандардың әрбір жас-кәрісі, ер-әйелі білімнің тал бесіктен жер бесікке дейін парыздығын сезінді. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шарифінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз, – десе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат қылған. Исламның өзі білім мен ғылымның діні. Сондықтан, кім-кімнің де білімін жетілдіруге, оқуға асық болып тұрғаны абзал» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспаөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Мемлекет басшысы Ислам даму банкі тобының президентімен кездесті

  islam-atyrau.kz/3 шілде, 2019 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі тобының «Астана» халықаралық қаржы орталығын Басқару жөніндегі кеңестің отырысына қатысуы және Бандар Хаджардың Кеңес мүшесі лауазымына тағайындалуы Қазақстандағы исламдық қаржылық қызметті дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

– Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Үкіметі исламдық қаржыландыруды дамытуға зор көңіл бөліп отыр. Бізде ислам банкі мен қаржы мекемелерінің қызметі үшін барлық жағдай жасалған. Осы бағыттың табысты болатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына Ислам даму банкінің қатысу мәселесі, соның ішінде басқа да исламдық қаржы институттарын тарту, «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында ИДБ құрылымдарын орналастыру, осы орталықтың биржасында ислам облигацияларын шығару жөнінде пікір алмасты.  

Толығырақ ...

Нұр-Мүбарак: Қасиетті Құранның екі тілде түсіндірмелі аудармасы жарық көрді

 islam-atyrau.kz/3 шілде, 2019 жыл. Қазақ және орыс тіліндегі екі нұсқада  жарық көрген қасиетті Құранның түсіндірмелі аудармасы Нұр-Мүбарак баспасында әзірленді.

Нұр-Мүбарак университетінің исламтанушы, PhD доктор ұстаздары Асқар Әкімханов пен Нұрлан Анарбаев қазақ тіліне, ал орыс тіліндегі нұсқасын университетттің қос исламтанушы-докторанты теолог Асқар Сабдин мен Бауыржан Әлиұлы, исламтанушы Ерген Самиев әзірледі. Білікті де білімді ғалымдар әзірлеген аударма ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің дінтану сараптамасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің діни сараптамасының оң қорытындысын алды.

Сондықтан қазіргі уақытта «Құранның қандай нұсқадағы аудармасын оқуға болады?» деген сауалға нақты әрі сенімді жауап ретінде Нұр-Мүбарак университетінің баспасынан шыққан Құран Кәрімнің түсіндірмелі аудармасын ұсына аламыз. Осыған дейін Құранның қазақ тілінде мағыналық аудармаларын Түркияда Халифа Алтай, Пекинде Ақыт қажыұлы Ғазез, Қазақстанда У.Қыдырханұлы т.б. секілді ғалымдар жасаған болатын. Жаңа еңбектің алғысөзінде аудармашылар «…Әрине мұның барлығы «Құран қазақшаға толық аударылып бітті» дегенді білдірмейді. Бұрынғы аудармаларды назарға ала отырып, тағы да Құранның тереңінен маржан сүзіп, астарын ақтарып, асыл мағынасын ашатын түсіндірмелі тәржімалар мен түсініктемелерге еліміз әлі де болса зәру…» деген.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасынан әрқайсысы 1000-нан екі мың дана қоғамға сыйға тартылған Құран демеушілеріне көпшіліктің алғысы шексіз.

 

 
Толығырақ ...