Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Шәкірттер тарихи өлкетану музейіне барды

 islam-atyrau.kz/5 шілде, 2019 жыл.  Орталық «Иманғали» мешіті жанында жұмыс істеп жатқан жазғы сауат ашу курсының шәкірттерін мешіт ұстаздары Атыраудағы тарихи өлкетану музейіне апарды.

 Экскурсия кезінде шәкірттерге музейдің залдары, ондағы экспонаттар таныстырылды. Сондай ақ, өлке тарихы туралы тың ақпараттар берілді.

«Өткенсіз болашақ болмайтыны секілді, біздің жас ұрпағымыз да өлке, ел тарихын біліп өсуі қажет. Осы арқылы өткен күн мен болашақ арасында рухани байланыс қалыптасады» дейді орталық «Иманғали» мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев.

Еліміздің, жеріміздің тарихы туралы сыр шертілген экскурсиядан соң шәкірттерге тәттілер үлестірілді.  

 

  Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...