Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Имани жаз": Құспан молла мешітінде шәкірттерге ерекше сый жасалды

islam-atyrau.kz/15 тамыз, 2019 жыл.   Атырау қалалық Құспан молла мешіті бүгін «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсын қорытындылады.

Жазғы курста 40 шәкірт білім алды. «Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырды. «Иқра!» (Оқы!) деп басталған сөз «оқу мен жазуды игер» деген мағынаны береді. Тарихта мұсылмандардың әрбір жас-кәрісі, ер-әйелі білімнің тал бесіктен жер бесікке дейін парыздығын сезінді.

Біздің мешітіміздегі маусымдық курста негізінен 6 және 13 жас аралығындағы балалар «Құран әліппесі», «Сира» сабақтары бойынша білім алып, дұғалар жаттап жарысты. Сонымен бірге, Алланың көркем 99 есімін жаттады» дейді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.

Сертификат тапсыру салтанатынан соң, балаларды мешіт ұжымы «Байзар» ойын-сауық орталығындағы ойын алаңына апарып, шәкірттерге ерекше демалыс сыйлады.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.

Толығырақ ...

Мақат ауданының орталық мешітінде айлық отырыс өтті

islam-atyrau.kz/15 тамыз, 2019 жыл.  Мешіт ұжымы мен жамағат қатысқан басқосуда Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов жамағат бірлігі туралы уағыз айтты.

Мұсылман баласының ұстанымы, өмірдің мәні туралы кеңірек әңгімелегенМақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов «мұсылман адам әрдайым өз-өзіне есеп беріп отыруы керек. Сөзі мен ісі сәйкес келген адам өзгеге үлгі бола алады. Мәселен,әрбір мұсылман ада болуы тиіс сипаттардың бірі - екіжүзділік, жүрек ластығы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Шын мәнінде Алла сендердің дене бітімдеріңе және келбеттеріңе қарамайды, алайда сендердің жүректеріңе және амалдарыңа қарайды» деді.

Жүрегі жақсы ниетке толы адам ешкімге жаманшылық ойламайды, күндемейді, қызғанбайды, жаманшылық жасамайды, тіліне ие боп жүреді, біреудің байлығын көріп ауырмайды, кедейді көріп асып-таспайды, көмек сұраған кісіге қолынан келгенше көмектеседі. Және білім игеру, оқу, үйрену де мұсылманға тән сипат» деп атап өтті ұстаз Біләл Сағындықов.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Сұлтан Бейбарыс мешіті 320 килограмм азық-түлікті мұқтаждарға таратты (+ВИДЕО)

 islam-atyrau.kz/15 тамыз, 2019 жыл. Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті мұқтаж отбасыларға осынша көлемдегі азық-түлікті таратты.

            Барлығы  64 отбасына таратылған азық-түлік пакетінің ішінде азық-түлік себетінің негізгі базасы қамтылған.

«Шайтан сендерді (зекет, садақа берсеңдер, дүниелерің ортайып қалады деп) кедейлікпен қорқытады. Сондай-ақ, сендерге сараңдықты, дүниелеріңді керісінше күнәлі, арсыз істерге жұмсауды бұйырады.

Алла Тағала  тарапынан кең кешірім және мол шарапат уәде етеді. Алла – Уасиғ (өте кең, асқан жомарт), Алим (құлдарының барлық жай-күйін, кімнің дүниесін қандай жолда жұмсап жүргенін өте жақсы білетін шексіз ілім иесі. Біз бұл бастаманы «Аяттан-амалға» жобасы аясында Алла разылығы үшін ұйымдастырып отырмыз» дейдіСұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...