Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Доссор мешітінде айлық отырыс болып өтті

      іslam-atyrau.kz/15 қаңтар, 2020 жыл.  Мақат ауданына қарасты Доссор елдімекенінде орналасқан Сәтен-Шәмек мешітінде айлық отырыс болып өтті.

 

Шараға  Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов бастаған жамағат қатысты.

Жамағат арасындағы бірлікті нығайтуға бағытталған айлық отырыс аясында қоғамдағы тыныштық, тұрақтылық мәселесі сөз болды.

«Ислам сөзі – «амандық, есендік, мойынсұну, бағыну, берілу» ұғымын білдіреді. Яғни, ислам амандық пен бейбітшілік діні деген сөз.

Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Ұлы Жаратушының ақырғы Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілген. Құранда бұл турасында: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік» (Әнбия-107) делінген.

Қасиетті Құранда бейбітшілік мағынасын білдіретін «сәлам» сөзі көптеген аятта айтылуда. Өйткені, Құран ынтымақ пен бейбітшілікті баса назарда насихаттайды» деп атап өтті өз сөзінде Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

 

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...