Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мақат ауданына қарасты Доссор елдімекенінде қайырымдылық шарасы өтті

 іslam-atyrau.kz/20 ақпан, 2020 жыл.   Іс-шараны жергілікті Доссор мұсылмандары мешітінің имамы Елдос Оташбаев ұйымдастырды.

Қайырымдылық акциясы аясында бір мезгілде 13 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Акция негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларды қамтыды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басым бағыттарының қатарында қайырымдылық шаралары бар. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар әркез біздің қамқорлығымызда. Асыл дініміз де мұсылманның мұсылманға бауыр екендігін әркез еске салып отырады» дейді Доссор мұсылмандары мешітінің имамы Елдос Оташбаев.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ЕЛШІМЕН БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

  іslam-atyrau.kz/20 ақпан, 2020 жыл.  Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед әл-Жабер мырзамен кездесті.

Кездесуде қайырымдылық, ағартушылық бағыттар бойынша бірқатар жобалардың жоспары талқыланды. Бас мүфти Діни басқарманың игі бастамаларына қолдау көрсетіп келе жатқан дипломатқа алғысын білдірді.

«Алла Тағала қасиетті Құранда бір-бірімізге жақсы істерде жәрдемші болуды бұйырды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысына қолдау көрсетіп келе жатқан Сізге, елшілік ұжымына өз атымнан айрықша алғысым мен риясыз ризашылығымды білдіремін. Алла разы болсын! Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы бауырластық байланыстың артуына ықпал етіп жатқан Сіз басқаратын елшіліктің жұмысына Алладан берекет тілеймін» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында тараптар игі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.   

Толығырақ ...