Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Басшыға бағыну – Жаратқанның әмірі

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Атырау өлкесіне сапары барысында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров Жылыой ауданында да болды. «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің жамағатымен бірге жұма намазын оқыған Ершат Оңғаров, құлшылық рәсімінен соң «Басшыға бағыну – Жаратқанның әмірі» және «Дұға мұсылманның қаруы» тақырыптарында уағыз айтты.

Алла Тағала Құранда: «Әй, иман келтіргендер! Аллаға бойұсыныңдар және Елшіге, сондай-ақ, араларыңдағы билік иесіне бойұсыныңдар» деген. Ислам тарихында ең алғашқы бүлік (фитна) адамдардың мұсылман үкіметінің басшылығымен келіспеушіліктерінің  және оған қарсы шығуларының салдарынан болған еді. Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кім әмірге бағынса, маған бағынған болады, ал кім әмірге мойынұсынбаса, маған мойынұсынбаған болады» деген сөзі де бар» деп атап өтті Ершат Оңғаров.

Уағыз – насихат жұмыстарының соңы жамағат тарапынан қойылған сауалдарға ұласты. 

 

Жылыой орталық мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға