Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дін ислам – діңгегім

           26 қазан күні Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы №15 орта мектепте «Дін ислам – діңгегім» тақырыбында оқушылардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында мектептің 9 «а» және «б» сынып  оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жүргізілді. Жиналысқа «Жылыой орталық» мешітінің ұстазы Сулейменов Дастан және мектеп мұғалімдері қатысты.

Жиын барысында Исламның дінінің негізгі құндылықтары мен оған қайшы ағым идеологиясы жайында бейнероликтер көрсетілді. Мешіт ұстаздары оқушыларға дәстүрлі Ислам діні, кері ағымдардың ықпалы жөнінде, тәлім тәрбие, білім алу  және ата-ананың қадірі туралы уағыз айтты. Мектеп оқушылары өздерін мазалап, көкейлерінде жүрген діни сұрақтарын ауданның ұстазына Д. Сулейменовке қойып, сұрақтарына тұшымды  жауаптар алды.

Кездесу соңында мектеп ұжымы мешіт ұстазына алғыстарын білдірді.

 

ҚМДБ-ның Атыру өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық орталық

 

мешіті

 

Толығырақ ...

Бос уақытты пайдалы өткіземіз

Уақыт – адам баласынан бұрын жаратылған  құбылыс. Бұған дәлел Құранның: «Адам баласының басынан, ол еш нәрсе болмай тұрған уақыт өтпеп пе еді?», – деген аяты. Бұл аят адам баласы жаралмай тұрған бір кезеннің болғандығын көрсетеді. Қазіргі кезде жастардың көпшілігі өз уақыттарын тиімді пайдаланбай жүргендерін көріп, жаның ашиды. Бүгінгі күні көк сандығы жоқ үйді, ұялы телефоны жоқ адамды табу қиын. Жасөспірім болсын, мейлі мектеп оқушысы болсын, тіпті бала-бақшаға баратын кішкентай балапандарымыздың қолынан да ұялы телефон табамыз.  Ұялы телефон мен компьютерге бір кірсең шығуың қиынға соғады. Мысалы, теледидарды, күніне 3 сағат тамашалайтын болсаңыз, бір жылда кететін уақытыңыз 1095 сағатты құрайды. Бұл күндіз, түні 45 күн деген сөз. Яғни тоқтамай кірген 45 күн мен 45 түнге тең. Бұлардың мүлдем пайдасы жоқ деп айта алмаймын, десек те өз мөлшерінде тұтынуымыз қажет екенін мойындауымыз керек. Босқа кеткен уақыттың орнына қаңдай да бір ізгі амал жасап қалуымызға болатынын өзіңіз ойлап көріңіз. Қазақ халқы: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», – деп, ерте тұрып, ақыреттік және дүниелік тіршілікке кірісуге шақырған. «Көп білмек болсаң, аз ұйықта», «Түнгі ұйқысын түгел ұйықтаған адам мақсатына жете алмайды», «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адам адаспайды», – деп түйген халық нақылын мына бір ой аша түскендей: Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта қалған оқушыдан сұра. Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған келіншектен сұра. Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра. Бір сағаттың қадірін білем десең, бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұра. Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра. Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра. Бір милисекундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жүгірушіден сұра.

 Уақыт – Алланың бізге нәсіп еткен көп нығметтерінің бірі. Көп адамдар біле білмейтін екі нығмет бар: мүмкіндік және денсаулық. Муауия бин Курра (р.а): Қиямет күні ең ауыр есеп – бос уақыттың есебі». Мүмкіндігімізді дер кезінде пайдаланып қалмасақ артынан кеш болады. Ендеше уақыттың қазына екендігін ескере отырып, бұл дүниенің санаулы ғана уақытын өткінші қызыққа алданып, бекерге өткізбей, Алланың алдындағы мұсылмандық парыз, қарыздарымызды өтеуге жұмсайық, ағайын.

 

Ералы Қамзағалиев,

«Әйіп қажы» мешітінің бас имамы

Толығырақ ...

Пайғамбар (с.ғ.с) қолымен іргетасы қаланған мешіт

         Хижрет сапарының алғашқы тұрағы болған Құбада Алла Расулі (с.ғ.с) Амр бин Ауфұлдардың үйінде он төрт күн қонақ болды. Міне, атақты Құба мешіті осы кезде салынды. Хазіреті пайғамбардың (с.ғ.с) өзі де мешіттің құрылысына атсалысты.

    Құба мешіті Исламда тұрғызылған ең алғашқы мешіт. Хижрет секілді маңызды бір оқиғаның қарсаңында салынғандығы үшін жоғары мәртебесі бар. Бұл мешіт Құран Кәрімде: «...(Мәдинаға хижрет еткенде) алғашқы күннен бастап тақуалық негізінде салынған мешіт...» ( Тәубе, 108) деп баяндалған.

    Хижрет еткен алғашқы Мұхажирлер Құбаға жеткендерінде, Амр  бин Ауфұлдарының құрма құрғататын жерлерін тазалап, тегістеп сол жерде намаз оқуды бастайды. Әбу Хузайфаның азат еткен құлы Салим Құранды білетін әрі ең әдемі оқитын болғаны үшін ең алғаш рет мұхажирлерге сол кісі имам болды.

    Пайғамбарымыз (с.ғ.с) алғашқы Мұхажирлер намаз оқыған бұл алаңды кеңейтіп Құба мешітін салады. Мешіт төрт бұрышты болып келген, көлемі 32х32 метр. Алла Расулі (с.ғ.с) құбалықтардан тас әкелулерін сұрайды. тастың біреуін алып құбыла тарапына қояды да, Әбу Бәкір мен Омарға р.а да дәл осылайша кезегімен тас қоюларын әмір етеді.

    Мешіттің құрлысында ең көп тер төккен Аммар бин Ясир р.а болды. Сол үшін де оған «Исламда алғаш болып мешіт салған» деп ат қойылды.

    Мәсжидун Нәбәуй және Мәдинадағы өзге тоғыз мешіт сияқты Құба мешітінде де оқу-ағарту іс-шаралары әрдайым жүргізілді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл жерге әрбір келгенінде осы мәселені өз назарынан тыс қалдырмайтын.

 Адамзаттың асыл тәжі, екі әлемнің қуанышы пайғамбарымыз (с.ғ.с) сенбі күндері Құбаға кейде қөлікпен, кейде жаяу барып, онда екі рәкағат намаз оқитын болған.

    Бір хадис шәрифте бұны мұсылмандарға да өсиет етіп былай деген:

    «Кім үйінде жақсылап дәрет алып, кейін Құба мешітіне барып, онда намаз оқыса, ол үшін ұмра сауабы бар». (Ибн Мажә, Иқамә 197: Нәсәй,Мәсәжид 9).

    Хазіреті Омар (р.а) халифалығы екзінде дүйсенбі және бейсенбі күндері осы жерді зиярат етіп, Құба өте алыс жерде болған күннің өзінде ол жерге бару үшін түйесін тағы дайындайтынын айтатын.

     Құба мешіті Хазіреті Осман және Омар бин Абдулазиз тарапынан кеңейтілді. Кейінірек бірнеше рет жөндеуден өтеді. Хижри 1245/ милади 1829 жылы Сұлтан 2 Махмуд тарапынан тұрғызылған жалғыз мұнарлы әрі төбесі тегіс мешіт, Сауд Арабстан үкіметі тарапынан құлатылып, күмбезді және қос мұнарлы етіп, кеңейтіліп жаңадан тұрғызылды.  

 

Мұрат Мұстафаев,

«Иманғали орталық мешітінің

 

найб имамы

Толығырақ ...

Сапар айының хикметі

Сапар (сафар) айы (арабша: شهر صفر) – мұсылманша күнтізбе бойынша екінші ай, Мухаррам айынан соң келеді, быйыл 1 қарашада кіреді. «Сапар» сөзінің (арабша: صفر) ай атына қатысты кең тараған екі мағынасы бар:

1) сары, сарғаю: сапар айына атау берілгенде күз болып, айнала сап-сары түске оранған;

2) бос, нөл (араб: сифр): мұсылмандар осы айда Меккеден көшіп кеткеннен кейін қала босап қалған.

Қазіргі таңда ел арасында: «Осы сапар айында үйленуге, неке қиюға және той жасауға, ұзақ жолға шығуға болмайды» деушілер кездеседі. Мұндай түсінік – сонау ертеректе Ислам діні келмей тұрып арабтарда болған ырым. Оларда сапар айы – бақытсыздық айы, сорлы бір ай деп қабылдаған. Сондықтан, бұл айда үйленсе, яки бір істі бастаса, ол іс нәтижесіз болады деген наным бар еді.

Алайда, Ислам діні келгеннен кейін Алланың Елші етіп жіберген құлы әрі сүйікті елшісі Мұхаммед (с.ғ.с): «...Сафар айында сәтсіздікке ұшырау деген нәрсе жоқ» (Бухари, Тыб-№5425 хадис), дей отырып, сапар айы жайында қалыптасқан теріс түсініктің Исламда жоқ екенін, пұтқа табынушылардың жоққа сенуінің дұрыс емес екендігін айтты. Демек, бұл айда некелесудің яки бір істі бастаудың немесе ұзақ жолға шығудың ешбір ағаттығы жоқ.

Және Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с): «Ауруға, үкіге және сапар айына қатысты бақытсыздық хақындағы жалған сенімге орын жоқ», – деп, адамдарды ақиқатпен хабардар етті. Мұнда үкінің сөз болуы Ислам дініне дейінгі адамдардың “үкі (құс) қонған үй қайғы-қасіретке тап болады” деген жалған сенімдеріне байланысты айтылған.

Ислам дінінде соқыр сенімге орын жоқ. Мұсылман жақсылық пен жамандық бір Алла тағаланың құзырында екендігіне куәлік етіп, тағдырына иман келтірген. Сондай-ақ, сапар айының соңғы сәрсенбісінде адамдар арасында «Сапар айының соңғы сәрсенбісі күні әдеттегі намаздардан тыс қосымша арнайы нәпіл намаз оқылуы тиіс. Себебі, Сапар айының соңғы сәрсенбісінде жер бітіне 320 мың түрлі алапаттар мен қасіретті жағдайлар түседі. Олардан сақтану үшін арнайы нәпіл намазын оқу керек», – деген сенім бар. Бірақ бұл құлшылықты жасау керек деген ешқандай Құран аяты, хадис немесе сахабалардың жасағандықтары туралы дерек жоқ. Адамзат тарихындағы діндердің арасында ең көп әрі сенімді дерек көздері бар дін – Ислам діні. Ислам діні дәлелсіз, күмәнді әрекеттерді харам етіп, оларды жасауға тыйым салады. Сондықтан да Сапар айының соңғы сәрсенбісі күні ешқандай арнайы құлшылық жасаудың қажеті жоқ. Басқа айларда оқылатын дүғалар мен ғибадаттармыз бұл айда да дәл сол қалпында орындалады.

Жалпы сапар айында: «Аллаһумма фаррижнә бидухулис-сафари уәхтим ләнә билхайри уәз-зафари», мағынасы: «Аллам, сапар айы кіруімен бізге қуаныш нәсіп ет. Ол айда жақсылықпен, сондай-ақ, жеңіспен шығуды нәсіп еткейсің», – деп дұға етудің мәні зор.

Сонымен қатар, өзге айлардағыдай бұл айда да айдың басында, ортасында және соңында үш күн нәпіл ораза ұстауға болады. Бір күн нәпіл ораза тұтуға да болады. Бұл туралы хадис шәріпте Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с): «Ай сайын үш күн ораза ұстау — жыл бойы ораза ұстағанмен тең» ( Имам Бухари мен Имам Муслим риуаят еткен) – деп, баршамызды сауапты амал жасауға шақырған. Сондай-ақ, елді бірлікке, ынтымаққа шақырып, татуластыру, науқастарымызды зиярат етіп, олардың қал-жағдайын білу, ата-ана, ағайын-туысқандармен тату тұру және жағдайы төмен отбасыларына қол ұшын беріп, қайырымдылық жасау – үлкен сауап.

Ендеше, баршамыздың мүбәрак сапар айында жасаған ізгі істерімізді, ғибадат-құлшылықтарымызды, дұға-тілектерімізді Алла тағала қабыл еткей. Әмин!

 

Жамбыл Демеуұлы,

 

«Қапан қажы» мешітінің имамы 

Толығырақ ...

Ислам ілімдері

Ислам ілімдері «Улуми нақлийа» (нақыл ілімдері, дін ілімдері) және «Улуми ақлийа» (ақли ілімдер, пән (жаратылыстану) ілімдері) болып екіге бөлінеді. Улуми нақлийа яғни дін ілімдері де екіге бөлінеді, “Улуми алийа”(жоғары ілімдер) және “Улуми ибтидаийа” құрал (көмекші) ілімдер. Жоғары ілімдер сегіз:

1) “Тәпсір” ілімі.

 2) “Усули кәлам” ілімі. Бұл – кәлам ілімінің аяти кәрималардан және хадис шәрифтерден қалай шығарылатынын үйрететін ілім. Бұл ілім “Хадиқа” кітабында кеңінен түсіндірілген.

3) “Кәлам” ілімі. Шәһадат кәлимасы және бұған байланысты болған иманның алты негізін үйрететін ілім.

4) “Усули хадис” ілімі. Хадис шәрифтердің түрлерін үйрететін ілім.

5) “Хадис” ілімі. Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” әф’ал, ақуал және ахуалын үйретеді.

6) “Усули фиқһ” ілімі. Фиқһ ілімдерінің аяти кәрималардан және хадис шәрифтерден қалай шығарылатынын үйретеді. “Мәнар” атты усул кітабы мәшһүр.

7) “Фиқһ” ілімі. Мүкәлләф мұсылмандардың міндеттерін үйретеді. Яғни денемен жасалуы және сақтануы керекті әмірлермен тыйымдарды және мубахтарды үйретеді. Фиқһ ілімі төртке бөлінеді: ғибадат, мунәкәхат, муамелат және уқубат.

8) “Тасаууф” ілімі. Көңілмен (жүрекпен) жасалуы және сақтануы керек болған нәрселерді және көңілдің, рухтың тазаруының жолдарын үйретеді. Бұған “Ахлақ ілімі” немесе “Ихлас ілімі” деп те айтылады.

          Бұл сегіз ілімнен кәлам, фиқһ және ахлақ ілімдерін қажетті мөлшерде үйрену және бала-шағаға үйрету әрбір мұсылманға парыз айн болып табылады. Бұл – үш ілімді артығымен және қалған бес жоғары ілімді және пән ілімдерін үйрену парыз кифая. “Бәззазийа” кітабында былай делінеді: «Құран кәрімнен біршама сүре жаттағаннан кейін фиқһ үйрену керек. Өйткені Құран кәрімнің барлығын жаттау – парыз кифая. Ал, қажетті фиқһ ілімдерін үйрену парыз айн». Мухаммед бин Хасен Шәйбани “рахметуллаһи та’ала алейһ” былай деген: «Әрбір мұсылманның харамдарды, халалдарды білдіретін екі жүз мың фиқһ мәселесін үйренуі керек. Парыздан кейін ғибадаттардың ең құндысы ілім және фиқһ үйрену».

          “Хадиқа” кітабында исламның тыйым салған зиянды ілімдерді түсіндіріп жатып былай делінеді: “кәлам” ілімін әһли сүннет уәлжамағат ғалымдарының білдірген ақиданы үйренетіндей және бұларды ақыл және нақылмен дәлелдей алатындай және азғындарға, дінсіздерге айта алатындай мөлшерде оқу парыз айн болып, бұдан артығын үйрену тек дін ғұламаларына керек. Басқаларға жаиз емес. Дінге көмектесу үшін артығымен үйрену парыз кифая болғанымен мұны тек Алла разылығы үшін үйренетін, ақылы зерек дін адамының үйренуі – жаиз. Өзге адамдар үйренетін болса адасады,  бұрыс (қате) жолға түседі. (зындық, яғни қып-қызыл дін дұшпанына айналады). Имам Шафии “рахметуллаһи алейһ” былай деген: «Кәлам ілімімен шұғылданып адасудың жанында, үлкен күнә істеу жеңіл болып қалады». Имам Шафиидің заманындағы Кәлам іліміне осылай делінген болса, қазіргі дін жаһилдерінің қысқа көзқарастары және қиялдарымен жазған дін кітаптарын оқудың қаншалықты қауіпті екенін және зияндылығын ойлап көру керек. Имам Шафии тағы бірде былай дейді: «Әһли сүннет ақидасын жақсы үйренбей тұрып, кәлам ілімімен шұғылданудың зияндылығы білінгенде, адамдар кәлам ілімімен айналысудан арыстаннан қашқандай қашар еді». Қазір өз ақылымен, өз ой-пікірімен кәлам (ақида, сенім) ілімі кітабын жазатындар көбейіп кетті. Бұлардың кітаптары ширк және адасушылықпен толы. Имам Әбу Юсуф «Кәлам ілімімен шұғылданатындардың имам болуы жаиз емес» деп бұйырған. “Бәззазийа” фәтуасында «Кәлам ілімімен шұғылданатындардың көбі зындық болады» деп бұйырылған. Ал, фиқһ ілімімен шұғылдану, яғни парыз бен харамды үйрену барлық мұсылманға парыз айн. Артығымен үйрену де парыз кифая, өте сауапты іс. Ешқандай зияны жоқ. Хадиқадан аударма тамам болды. Өзінің нұқсан ілімдерімен және адасқан ой-пікірлерімен дін кітабын жазу мода халіне келді. Бұл кітаптарына “Құранның аудармасы” және “Құранның ақиқаты” секілді есімдер тағылып жастардың алдына берілуде. Тек қана осы кітаптарды оқыңдар деп әһли сүннет ғалымдарының білдірген дұрыс дін ілімдерінің үйренілуіне тосқауыл болуда. Бұларға зындық делінеді. Зындықтар мұсылмандарды адасушылыққа, пәлекетке жетелеуде. Шынайы мұсылман болу үшін салих мұсылмандардың жазған “Илмихал” кітаптарын оқу керек.

          Осы сегіз жоғары ілімдерді үйрене алу үшін керекті “Құрал ілімдері” он екі. Бұлар: Сарф, иштиқақ, нахв, китабат, иштиқақи кәбир, луғат, мәтни луғат, бәйан, мә’ани, бәди, бәлағат, инша ілімдері. Дін ілімдері осылайша жиырма болуда.  

 

Әлімов М.Ш,

«Дина» ЖШС-і сауда үйі

намазханасының бас имамы

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу