Артық Жұмабекұлы-Дәрет алудың артықшылығы
- Бөлім: Медиа дәрістер
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
Білім жетілдіру – маман тәрбиесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, біліктілікті арттыру – жас маманның кәсіби тұрғыдан қалыптасып, дамуына ықпал ететін фактор. «Білімді Қытайдан болса да ізде», – демекші, «Иманғали» орталық мешіті облыс имамдарының ілімін арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы ретте түркиялық Хусейн Кая сынды білікті ұстаздың қызметке орналасқан күннен бастап имамдар біліктілігін арттыру жұмысына кірісіп кеткенін атап өтпеске болмайды.
Бүгінгі таңда Хусейн ұстаз қала мешіттеріндегі наиб имамдарға Құран оқу сабағы бойынша дәріс өтізуде. «Оқу инемен құдық қазғандай» екенін ескерсек, оқу жолында жүрген имамдарға хайырлы ілім тілеп, тілектестік таныту – біздің міндет, парызымыз. Алла тағала имамдарымыздың ілімін арттырып, берекелі амал нәсіп етсін!
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
Алдыңғы толқын ағалардың өнегелі ісі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. «Ағасы бардың жағасы бар» демекші, сондай қорған көріп, пана тұтар жанның бірі ауған-тәжік шекарасы күзетінде болған Жекейбаев Бауыржан Қайыржанұлы десек, артық айтпағанымыз.
Ауылдағы №3 мектепте ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай оқушылармен кездесу өткізіліп, шараға Ауған соғысының ардагері Қонаров Сисен, Бауыржанның анасы Күрең апа, Нұрберді Тілеуғожин, ауыл әкімі Е.Елеусінов, аудандық мәслихат депутаты С.Балжігітов қатысты.
Аталған шараға «Қапан қажы» мешітінің бас имамы Жамбыл Демеуұлы да қатысып, Ислам дініндегі ынтымақ пен бірліктің маңызы туралы сөз сөйледі. Мерекелік шараға ұласқан кеш соңында мектеп директоры Ш.Унгарбаева ауған соғысының ардагерлеріне сый-сияпат жасап, ризашылығын білдірді.
Арайлап атар бейбіт таңдағы әрбір адамзаттың тілегі – тыныштық пен тұтастық. Оның тірегі – денсаулық, берекелі отбасы мен адал еңбек сынды үш таған. Ел ертеңі баянды, болашағы жарқын болсын деск, ел ісіне аянбай ат салысайық, ағайын!
ҚМДБ-ның Атырау бойынша өкілдігі
«Қапан қажы» мешітінің
баспасөз хатшысы
Алла тағала адамзат баласын құдірет-күшімен жаратып, ырыздық-нәсібе мен өлшеулі ғұмыр берген. Сол фәни жалғанның қызығына тоймай жүргенде адам баласы қарттықтың да қалай келгенін байқамай қалады. Атам қазақ отыз –орда бұзар шағың, қырық – қамал алар кезің, елу – ердің жасы, алпыс – тал түс, жетпісте жер таянбай тұра алмассың, селкілдеген сексен, тоқсан көрейін деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді?, – деген екен.
Марқасқа ақын, Мұқағали Мақатаев:
«Ақиқатты айқындап жариялар, Бара жатыр азайып қариялар. Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын, Бара жатыр сарқылып дариялар...», – деп толғанады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен 1-ші қазан «Қариялар күні» болып белгіленгені белгілі.Осыған байланысты тиісті шаралар еліміздің түкпір-түк- пірінде өткізіліп жатыр. Жалпы, жасы үлкен ата-әжелерді сыйлау, қарияларды құрметтеу қазақ халқының қанында бар. Міне, осындай игі шараның бірі Атырау қаласы,«Кең өзек» селолық округінде өтті. Ауыл әкімі Ғарібжан Төлеуұлы мен жеке кәсіпкер Өтеміс Жұмағалиевтердің қолдауымен «Жұмағалиев» ЖК-не қарасты жылыжай кешенінде ауыл қарттарына арнайы дастархан жайылды.
Дастарханға Атырау қаласы, Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов арнайы шақырылып,тұшымды уағыз-насихат айтты. Аталар мен әжелер, ағаларымыз ауыл әкімі мен әкімшілік қызметкерлеріне, мешіт имамына, жеке кәсіпкер мен ұжымына жылы лебіздерін білдірді. Ән айтылып, күмбірлеген күй тартылды. Шара қонақтары көтеріңкі көңіл-күймен тарқады. Алла тағала осындай шуақты күндерімізді баянды қылғай, ағайын. Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігі «Мәулімберген» мешітінің
баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Атырау медициналық колледжінде студенттер мен ата-аналарға «Діни сауатсыздық экстремизм бастауы»атты дөңгелек үстел өткізді.
Аталған шараның мақсаты мен маңызына тоқталған колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Айдынғалиев дін мамандарын таныстырды. Сонымен қатар, қатысушыларға осы мүмкіндікті пайдалана отырып, көкейде жүрген сауалдарына теологтар арқылы жауап алуға болатындығын жеткізді.
Алғашқы болып бастаған Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Түрікбенбай Нұржігітов тыныштығы кеткен бірқатар шет мемлекеттерді мысалға келтіре отырып, айрандай ұйып отырған біздің елімізге көз тігіп, берекетін қашырғысы келетіндердің бар екендігін жеткізді. Ал, өз кезегінде «Шапағат» орталығының директоры, теолог Қанат Жұмағұл мен теолог Еламан Бегалиев қазіргі таңда жастардың теріс діни ағымдардың қатарына өтіп кетуінің бірнеше факторлары бар. Соның ішінде басты фактор ол діни білімсіздік болып келеді, дейді. Сонымен қоса, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың айырмашылығы, теріс діни ағымдардың көрінісі мен олардың таралуы жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.
Аталған шараға қатысушылардың тарапынан қойылған түрлі сауалдарға дін мамандары толыққанды жауап беріп, қандай да бір діни мәлімет алғыларың келсе, Қазақстанның ресми сайттарынан немесе мешіт имамдарынан алған жөн деді. Сондай-ақ, Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен дайындалған бірнеше ақпараттық діни материалдар таратылып, ата-аналар тарапынан ризашылықтарын білдірді.
Мұсылман баласы үшін ұлық құлшылық – бес парыздың қорған-діңгегі ілім екені әмбеге аян. Алла тағала тарапынан түскен алғашқы аяттардың өзі оқуды әмір етіп, тал бесіктен жер бесікке дейін білім алудың қажеттілігін көрсетеді. Бұл ретте «Иманғали» мешіті де Алланың кәламын танып, сауатымды ашамын, ілімімді арттырамын деп медресе табалдырығын аттап жатқан шәкірттерден кенде емес.
Мешіт ұжымы үшін қуанышты жағдай – жақында ғана медресе ұстаздарының қатары білікті түркиялық дін маманы Хусейн Каямен толықты. 8-қыркүйектен бастап қызметіне кіріскен Хусейн ұстаз қазіргі таңда Құран әліппесі бойынша сабақ беруде.
Бір айта кетерлігі, Ислам өркениетін насихаттап және оны дамытуда сан жылдық тарихы бар, тәжірибе-тағылымы мол Түркия сияқты елден келген ұстаздан сабақ аламын деп өтініш білдіруші жамағаттың саны күннен-күнге артып келеді. Ал, әйел жамағатының сұранысына орай, ұстаз айына бір рет уағыз-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Ендеше мешітімізге қадам басып, ілім нұрымен сусындатар ұстаздардан білім аламын деген жамағат үшін қашан да медресе есігі ашық екенін ескере жүргеніміз абзал!
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі