Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иманғали» орталық мешітінде айлық отырыс болып өтті

30-қазан күні «Иманғали» орталық мешітінде айлық отырыс болып өтті. Соңғы жылдар бедерінде бас имам Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен қолға алынса да, ай сайын дәстүрлі түрде үзбей өткізіліп келе жатқан аталған басқосу бұл жолы «Шапағат» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырылды.

Құптан намазынан кейін жайылған дастархан басында бас имам өзі бастап сөз алып, алыс-жақын жамағаттың басын қосқан айлық отырыстың маңыздылығын айтып өтті.

Сондай-ақ, дінтанушы-теолог Мейіржан Рахматулла Ислам дініндегі сабыр мәселесіне тоқтала келе, «Сабыр – бес парыз секілді арнайы бекітілген құлшылық қимылдары болмаса да, Алла Тағала алдындағы сынақ алаңында сынға түсер ғибадат түрі. Алла Тағала пендесін жақсы көрген нәрселерімен сынайды. Бұл сынақтан Алланың ең сүйікті құлдары пайғамбарларымыз да шет қалмаған. Айталық, Әйуб пайғамбардың (ғ.с.) ұзақ жылдар бойы денесін кеулеген ауруға шыдас беріп, Алланың разылығы жолында Жаратушы әмірін сабырмен қабылдап, туған ұлын құрбандыққа шалуға дейін барған Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) сабырлылығы – күллі адамзат баласына үлгі боларлық сабыр болмысының символы іспетті», - деді.

Сонымен қатар осы жамағат бас қосқан дастарқан мүмкіндігін пайдалана отырып, мешітіміздің Бас имамы Б.Мансұров Атырау қаласында кезінде мешіт тұрғызған, бүгіндері облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы қызметін атқарып жүрген Дүйсен қажыға дін жолындағы ерен еңбектері үшін және де мешіттің шатырларының құрылыстарына қолын созып қолдау білдіргені үшін қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жауып, алғысын білдірді.

Жиын соңы еркін пікір алмасуға ұласып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

 

 баспасөз қызметі

 

 

Толығырақ ...

Ислам және әйел мәртебесі

31 қазан күні Индер ауданына қарасты Индербор кентіндегі «Әйіп қажы» мешітінде басқосу дастарханы жайылды. Дастарханның құрметті қонақтары мешіт жанындағы діни сауат ашу курсы шәкірттері, мешіт қызметкерлерінің отбасы, көп балалы аналар мен зиялы қауым өкілдері болды.

Шара «Ислам және әйел мәртебесі» атты тақырыпта өткен басқосуда «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Е.Қамзағалиев «Бала тәрбиесінің маңызы», найб имам Б.Мамырұлы «Исламдағы әйел адамның орны» атты, ұстаз Ұ.Есекеева «Әйел мәртебесі» туралы уағыз айтып, әр-түрлі сауалдарға жауап берілді. Басқосу соңында викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар тарту етілді.

 

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

 

баспасөз қызметі, «Әйіп қажы» мешіті 

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу