Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Атырауда

2-3 қараша аралығында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Атырауға келіп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.  

Сапар барысында Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы, топ жетекшісі Қабылов Нұрғали, сондай-ақ, Павлодар қаласы «Ақ Мешіт» мешітінің имамы Бердімұратов Жолдас «Иманғали» орталық мешітіне ат басын бұрып, мешіт жамағатымен кездесті.

Кездесу барысында асыл дініміздегі нығмет, оған шүкіршілік етудің артықшылықтары туралы сөз қозғалды.

Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласып, еркін пікір алмасылды.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

 

баспасөз қызметі 

 

Толығырақ ...

Қайырымдылық – қайырлы іс

Қайырымдылық – мұсылман жамағаты үшін Алла тағаланың бергеніне шүкіршілік етіп, оған жақындауды ниет ететін ізгі құлшылықтардың бірі. Осы ретте облыстық «Иманғали» мешіті де қайырымдылық бағытында да біраз жұмыс атқарып келеді.

Бүгін бас имам Батыржан Берденұлының бастамасымен мешіттен көмек сұрай келген әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі мүгедектер мен асыраушысы жоқ мұқтаж жандарға ет таратылды.

 

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...

МАМАННАН АЛҒАН КЕҢЕС МАҢЫЗДЫ

Ағымдағы жылдың 3 қараша күні Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Атырау медициналық колледжі студенттеріне «Дінді ұстай білсең қасиетің, ұстай білмесең қасіретің»атты кездесу өткізді.

Аталған шараны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Айдынұлы ашып, кездесудің мақсаты мен маңызына тоқталды.

Сонымен қатар жиынға арнайы Атырау облысына келген Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Алматы облысы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» теологы Құрметхан БАЙҒАРА және «Шапағат» орталығының директоры, теолог Қанат ЖҰМАҒҰЛ сынды білікті дін мамандары қатысып, Ақтөбе, Алматы облыстарында орын алған келеңсіз жағдайларды, жат ағымның жетегіне ерген жастардың қоғамға келтіріп жатқан зиянды тұстарын және дәстүрлі дін мен теріс діни ағымның айырмашылығы мен олардың уағызшылары туралы ақпараттарымен бөлісті.

 

Кездесуде болашақ медицина саласының мамандарын қызықтырған діни тақырыпта қозғалған мәселелер сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Сондай-ақ, ұсыныс-пікірлерде айтылды. Осылайша 2 сағатқа созылған кездесу соңында сауалнама өткізіліп, колледж ұжымы және студенттер атынан алғыс айтылды.   

 

Толығырақ ...

РАТТ МҮШЕЛЕРІМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

Қазіргі кезде күн тәртібінен түспей тұрған дін мәселесі дүйім жұртты алаңдатуда. Әрине бұл жерде мәселе дінде емес діни теріс ағымдарда болып тұр. Себебі дәстүрлі емес ағымдар Ислам дінін жамылып, түрлі құйтұрқы әрекеттерге барып жүр. Сонымен қатар түрлі топтарға бөлінген теріс діни ағымдар діни білімі жоқ жастардың бастарын айналдырып, адастырып жүргені бәрімізге аян.

«Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының көздеген мақсаты жастарды теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыра отырып, экстремизм мен терроризмге қарсы тұра алатындай иммунитет қалыптастыру.

Осы орайда, «Шапағат» орталығы 2016 жылдың 3 қараша күні Атырау бизнес және құқық колледжі студенттеріне «Руханият ұлттық тұтастықтың кепілі»атты кездесу өткізді.

Аталған шараға Атырау облысына келген Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Дін мәселері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының Діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Тұрар ӘБУОВ, Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының маманы, теолог Нұржан СТАМБАКИЕВ және «Шапағат» орталығының директоры, теолог Қанат ЖҰМАҒҰЛ сынды білікті дін мамандары қатысып, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Кездесуді ашып, сөйлейтін спикерлерді таныстырған колледжі директорының орынбасары Жанна Қуанқызы студенттерге белсенділік танытып, көкейде жүрген сауалдар қоюға шақырды.

Алғашқы сөз алған РАТТ мүшесі Тұрар ӘБУОВ «Бүгінгі алмағайып заманда елімізде тұратын әр түрлі дін өкілдерінің бірлігі жарасып, тыныштықта, ынтымақта өмір сүруі маңызды. Қоғамымызға іріткі салып, қатыгездікке баулитын әртүрлі ағымдағы діни топтар жалған уағыздар тарату арқылы жастардың санасын улап, психикасына кері әсер етуде. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде мешіттер бой көтеріп, дінге бет бұрған жастарымыз көбейіп барады. Алайда олардың кейбірі Алланың атын жамылып, түрлі теріс қылықтарға барып жүргендері жасырын емес. Әртүрлі ағымдағы діни топтардан сақтану – қазіргі уақытта өте маңызды. Себебі дінді дұрыс түсінбей қазақ жастары жиһад жасаймыз деп шетел асып опық жеп немесе темір тордың артынан шығып жатқан жайы бар. Сондықтанда барынша мұқият болып, қандай да бір сауалдарыңыз болса мешіт имамдары немесе арнайы қызмет жасап жатқан теологтар арқылы және Қазақстан бойынша «114» Қауырт желі мен облыс бойынша бекітілген сенім телефондары арқылы жауап алыңыздар» - дейді.

Ал, келесі ой-пікірімен бөліскен көршілес Орал қаласынан келген дін маманы Нұржан СТАМБАКИЕВ: «Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, зайырлы мемлекет атанғаннан кейін дін ұстанам деген адамға еркіндік берілді. Міне, содан бері көптеген діни бірлестіктер мен ұйымдар құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады. Бірақ, елімізге етене еніп, тамырын жайып алған ұйымдар артынан  пиғылы теріс, ағымы жат болып шығып, бүліктер мен дау-дамайлар тудырып, ел арасына іріткі салды. Өкінішке орай, ондай діни бүліктер біздің облысымыз бен ауданымызды да айналып өтпеді. Біраз жастарымыз жат ағым өкілі болып шығып, қателіктерге бой алдыруда» - дей келе жастарға теріс ағымның ықпалына кетпейтін діни иммунитет қажет екенін жеткізді.

Елімізде жастарды адастырып жүрген уахабизммен-салафизмнің тармақтары және пайдаланатын әдіс тәсілдерін ашып көрсетіп, маңызды ақпараттармен бөліскен «Шапағат» орталығының директоры, теолог Қ.Жұмағұл жастарға зымырап өтіп жатқан уақытты дұрыс пайдалана білуге шақырды.

 

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған көптеген сауалдарға дін мамандары тұшымды жауаптар берді. 

Толығырақ ...

«ИМАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ»

Халқымыз жан - жақты адамды «Сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі.

Міне, осығандай мақсатта  «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры ағымдағы жылдың               2 қараша күні Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттеріне «Имандылық тәрбиесі өзекті мәселе»атты кездесу өткізді.

Аталған шараны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанат ДОСҚАЛИЕВА ашып, арнайы Атырау облысына келген Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Алматы облысы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» теологы Байғара Құрметхан және «Шапағат» орталығының директоры, теолог Қанат Жұмағұл сынды білікті дін мамандарын таныстырды.  

Облысқа арнайы келген дін маманы Байғара Құрметхан:  «Қазіргі таңда күрделі мәселеге айналған дінге қатысты проблемалар жиілеп кеткендігін, түрлі ағымдар мен топтар пайда болып діннен хабары жоқ жастарымызды адастырып, жихадқа соғысқа шақырып, түрлі терактіге ықпал етіп жүргендігін,  бірлігінің бекем болуы тек мемлекеттің немесе имамдардың жұмысы деп қарамай, қоғам болып, әрбір адам өзіне, отбасына, айналасына қарап, атсалысса ішкі тұрақтылығымызды ешкім келіп бұза алмайды» - деген ой пікірін ортаға салып, елімізде жастарды адастырып жүрген уахабизммен-салафизмнің тармақтары және пайдаланатын әдіс тәсілдерін ашып көрсетті.

Ал, «Шапағат» орталығының директоры, теолог Қ.Жұмағұл: «Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез» - дейді.

Кездесуде студенттер сақалға, балаққа, хиджапқа, намаз оқуға, аталарға сыйынуға қатысты және т.б. көптеген сауалдар қойып, дін мамандары тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.

 

Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті – деп шара соңын қорытындылаған колледж директорының орынбасары Жанат Закиқызы теологтарға ризашылығын білдірді. 

Толығырақ ...

Құмар ойынның зияны көп

Құран Кәрімде «Оңай жолмен мал табу, жеңілдің астымен жүру» мағынасында жеңіл сөзінің түбірінен шыққан "Мәйсир" сөзі қолданылады. Ал құмар ойындарына ғұламалардың берген анықтамасы: Бірден көп адамның бас қосып, кездейсоқ сәттілікке үміттеніп ұтыс мақсатымен бәс тіге отырып ойын ойнауы дегенді білдіреді.

Толығырақ ...

Хатты ашып оқы!

Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді.

Толығырақ ...

Түнгі намазға тұрғызатын жеті себеп

Намаз – ешқашан кеуіп кетпейтін мөлдір бұлақ және ешқашан бітіп таусылмайтын қазына. Намаз – діннің тірегі, тәубе етуші мен қорқушының панасы. Тот басқан жүректі тазартып, нұрландырушы. Ғалымдар кім дінде берік болса, намазда да жақсы әрі Алласының алдында ұзақ тұрады деген екен.

Толығырақ ...

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҰЯДА БЕРІЛЕДІ

Халық даналығында «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық» деген мағынасы терең нақыл бар. Ой-санасы бүтін əрбір жан əуелі Алланың қалауымен ананың құрсағында жаратылғандықтан, анаға ерекше құрмет көрсетеді. Əкенің батасы, ананың ризалығынсыз ешкім де қия басып, қарекет қылмайды. Ана – ардақты да асыл ұғым.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу