Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мешіт шәкірттерінің арасындағы Құран және әліппеден өзара сайыс өтті

      30 маусым күні «Иманғали» орталық мешітінің жазғы діни сауат ашу курсында оқитын шәкірттер арасында ұйымдастырылған «Кел, балалар оқылық!» атты білім сайысы өтті.

      Шараны ашып берген облысымыздың Бас имамы Батыржан Берденұлы мешіт шәкірттеріне сәттілік тілеп, білім алудың сауабы жайында тоқталып өтті.

       ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша Жалпы және Жастар ісіне жауапты қызметкер Арман Урумбаев және «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Артық Абдираманов пен мешітімізде өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқан Нұр-Мубарак университетінің студенті Шаттық Ізбасаровалар қазылық еткен сайыста шәкірттер қойылған сұрақтар бойынша жауап қайтарды.

       Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған бұл сайыс жастарымыздың діни сауаттылығын арттырып, иман негіздері мен төл мәзһабымыздың ерекшеліктерін үйретуге ғана бағытталып қоймай, шәкірттерді Құран оқуға ынталандыру мақсаты да қамтылып отыр.

       Шәкірттердің қай-қайсысы да сайыста қазылар тарапынан қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, діни сауаттылықтарын дәлелдей білді.

      Дегенмен, жинаған ұпай сандары негізінде сайыстың бас жүлдесін Зираш Нұрлыбек  иеленсе,  қыздар сауат ашу курсының шәкірті Дарибаева Айнұрды бас жүлдеге лайық деп танып, сыйлықтарын табыстады. Қалған қатысушы шәкірттерге ынталандыру сыйлықтарын беріп, рахметтерін айтты.

 

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметшісі

 

 

 

 

Толығырақ ...

Рамазан айы береке айы.

                Қасиетті Рамазан айында Исатай аудандық "Зинеден Құрасұлы" мешітінде  ауданның бас имамы Құрметқали Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен 120 адамдық киіз үй құрылды. 29 күн бойына ауыш аштыруға адамдар кезекте тұр. Осы ораза кезінде күнделікті ауыз ашардың бір күнін жоқ-жетік жандарға жайылды. Ауыз аштыруды аудан имамы Қ.Бақтығұлов өзі бастап, кәсіпкер Алмас Аманбаев , Нұркен Қуанышкереев, Сидих Қанат, Нұрғали Жұбанов, "Қарлығаш" балабақшасы, Мұхит Күйкентаев  т.б да азаматтар ауз аштырып сауап алуда. Кешкі  Таруих намазында мешіт толып, намаз оқылып уағыз  айтылуда. 21 маусым күні Исатай аудандық "Зинеден Құрасұлы" мешітіне Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мырза келіп мешіт ахуалымен танысып, дұға етіп, ораза айымен құттықтап өз тілегін бас имам Қ.Бақтығұловқа білдірді.

«Зинеден Құрасұлы» мешітінің

 

Баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Мешіт шәкірттері облыстық мұражайда

        Жылдағы дәстүр бойынша 29-маусым күні «Иманғали» орталық мешітінің ер-әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен  жазғы сауат ашу курсындағы білім алып жатқан 60-қа жуық шәкірт облыстық мұражайға саяхаттап барды.

    Мұражайда шәкірттерге облыс тарихымен таныстырды.

    Саяхат соңында шәкірттерге  сусындар мен балмұздақтар таратылды.

    Бұндай игі шараны ұйымдастырған облыс имамы мен ұстаздарға мешіт шәкірттер қуанып, ризашылықтарын білдірді.

 

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметшісі

Толығырақ ...

Атырауда қайырымдылық шарасы жалғасуда

      Атырау қаласындағы «Иманғали» орталық мешіті «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тағы да кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

     Бұл жолы шараға 20 отбасы шақырылды.

     Шара барысында мұқтаж отбасылардың әрқайсысына 5 келі қант, 5 келі күріш, 5 келі макарон, 5 келі ұн таратылды.

 

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметшісі

Толығырақ ...

ИМАМДАРМЕН ӨТКЕН БАСҚОСУ

 

30 маусым күні Атырау облысы Дін істері басқармасы және «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық мешіттердің діни қызметкерлеріне  арналған «Зайырлы қоғамдағы дін» атты семинар өткізілді.

Аталған шараны ҚМДБ-ның Атырау бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Б.Мансұров ашып, басқосудың мақсаты мен маңызын айтып өтті.

Бұдан кейін сөз алған «Шапағат» орталығының директоры, теолог Қ.Жұмағұл, директор орынбасары, дінтанушы –А.Аташев жиналғандарға  мемлекеттің дін саласындағы саясатын жеткізе отырып, зайырлы құндылықтарды насихаттау, қоғамымызда орныққан конфессияаралық келісімді, ауызбіршілікті сақтау мен нығайту, сондай-ақ, тұрғындардың соның ішінде жастардың діни экстремизм және терроризмге қарсы тұру иммунитеттерін қалыптастыру, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру  жұмыстарының белсенділігін арттыру мақсатында келелі ойларын ортаға салды.

 

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметшісі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу