Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ұстаздық еткен жалықпас...

      Ислам діні – бәзбіреулердің көкіп  жүргеніндей кертартпа дін емес. Керісінше, асыл  дініміз  ашық әрі ілім - білімге шақыратын  дін. Соның ең жарқын мысалы, қасиетті  Құран-Кәрімде 114 сүре, 6600-ден астам аят болса, сол аяттардың уахи болу себептеріне қарай топтастырып,«құрама» аяттар қылсақ,ең бірінші орында  200-ден астам аятта Алла Тағалла барша мұсылмандарды оқуға, пайдалы білім алуға шақырып жатыр.

Алла елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) бір хадисте:

  «Әрбір ер мұсылман мен әйел мұсылман үшін білім алу парыз»,-дейді. Және де Расулуллаһ(с.ғ.с.) соғыста тұтқынға түскен яһудилерді «он мұсылманның сауатын ашу» шартымен босатқан екен.

Келесі бір хадисте Нәби (с.ғ.с.):  

«Сендердің жақсыларың-Құран үйренгендеріңіз және өзгеге үйреткендеріз»,-дейді. Байқасаңыз, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) білім алуға ерек- ше мән беріп жатыр.Әрине, бұл мәселе турасында Қасиетті Құран-Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)-ның хадистерін көптеп келтіруге болады.Дегенмен ұққан адамға осы да жеткілікті болар.

 ҚМДБ-ның кешегі өткен қасиетті Рамазан айында атқарған қыруар жұмыстардың   бірі - жамағаттардың сауатын ашып, білім деңгейлерін көтеру еді.Сол себептен де Діни басқармаға қарасты оқу орындарының шәкірттері облыстар мен аудандарға, алыстағы  ауылдарға барып, жамағаттарды  дінмен сусындатты. Солардың ішінде ОҚО, «Сарыағаш» медресесінің бірінші курсын аяқтап, тәжірибелерімен алмасуға Атырау қаласы, Алғабас (ежелгі Тасқала) ауылына «Мәулімберген» мешітіне өкіл имам Батыржан Бергенұлының нұсқауымен ерлі-зайыпты Ақихат Дүсіпқалиев пен Әсел Мағзомова есімді жас ұстаздар келіп, мешіттің бас имамы М.Бағытжановтың тапсырмасымен  бір ай бойына дәріс жүргізді. Алла Тағала  ілім  жолында жүрген осындай бауырларымызға разы болып, еселеп сауап жазғай. Әумин!

«Мәулімберген» мешітінің

 

баспасөз қызметі.    

Толығырақ ...

Рамазан айтта Құран Кәрімнен жарыс өтті

        Мұсылман үшін қуаныш болған қасиетті мейрамдардың бірі саналатын Рамазан айтта келіп жетті. Бұл мейрамды әр мұсылман ерекше тойлары анық. Осы мейрамның құрметі үшін кітаптардың ұлысы болған Құран Кәрімнен,  Индер ауданы «Әйіп қажы» мешітінде кішкенттай бүлдіршіндер арасында сайыс өтті. Сайыста Қасиетті Құран Кәрімнен сүре оқылып, қосымша сұрақтар қойылды. Сайысқа қолдау білдіру үшін кішкенттай бүлдіршіндердің ата аналарыда көрермен болып қатысып, бүлдіршіндерге қолдау білдірді. Араға үзіліс салып, «Әйіп қажы» мешітінің сауат ашу курсының ұзтазы Оразұлы Абдулхайир мен шәкірттері дайындаған «Соқыр ана» атты көрініс қойылды. Бейнетаспа арқылы көрермендерге Рамазан айында «Әйіп қажы» мешітінде өткен қызықтарды көрсетіп, қызықты жерлерін еске алдыртты. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, өз тілектерін білдіріпте үлгерді. Қазылар алқасы шешімге келіп, Ғайным Еркебұлан деген жас бүлдіршінге бірінші орынмен құттықтап бағалы ұялы телефон тарту етті. Қалған қатысушыларға алғыс хат беріліп, жүлдегелерге ұялы телефон табысталды. Ұлы Жаратушымыз болған Алла, осындай жақсы іс шараларды жие болғызып, арамызды бауырмалдыққа бөлесін.  

 

                                                                                                                                                                         Әйіп қажы мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу