Жаңа имам тағайындалды
- Бөлім: Жаңалықтар
Қасиетті жұма күні ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хәзреттің бұйрығымен Сәрсекеев Ажок Саясатұлын «Нұр-Сатыбалды» мешітінің Бас имамы болып тағайындалды. Бұл жөнінде мешіт жамағатымен жүздескен "Жылыой мұсылмандар" орталық мешітінің бас имамы Арман Исаев арнайы таныстыра келе, осыған дейін «Нұр-Сатыбалды» мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарған Реиймов Жалғас Исаханұлы мұнан былай, діни білімін шыңдап келуге сұранды.
Діни басқарма жүктеген жұмыстарға жауапкершілікпен қараған Реиймов Жалғас Исаханұлы «Нұр-Сатыбалды» мешітінде 7 жыл жұмысын абыроймен атқарды, Жылыой мұсылмандар орталық мешітінің Бас имамы Арман Исаев өз қолымен иығына шапан жауып, бір жылқы мінгізіп, атқарған қызметіне аудан тарапынан арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
«Нұр-Сатыбалды» мешітінің Бас имамы қызметіне келген Сәрсекеев Ажок Саясатұлы 1983 жылы туылған , Ақтөбе медресесінде 2010-2013 жыл аралығында, «Нұр-Мүбарак», «Египет» ислам мәдениет университетінде 2013-2016 жылы аралығында «Исламтану» мамандығын қызыл дипломмен толық аяқтап шықты.
Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінде дүниеге келген. Алғашқы діни қызметін «Нұр-Сатыбалды» мешітінде бастағалы тұр. Жаңа қызметке тағайындалған әріптестерімізге сәттілік тілейміз.
Жылыой аудандық орталық
мешіттің баспасөз қызметі

