Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қайырымдылық – әр қазақтың қанында бар.

                  

   Асыл дініміз – Ислам шариғаты бойынша қайырымдылық жасау, адамдардың мұң-мұқтажын өтеу, қиналғанға қол ұшын беру, шаш-етектен сауапқа кенелтетін игілікті амалдар.Оның үстіне ата-бабамыз «жетімін жылатпаған, жесірін қаңғырт- паған», кедей - кепшігіне қайыр сұратпаған. Баяғыда бір бай, бір ауылды асырап, ағайын-туысын шашау шығармай бір төңірекке жинап, Алла Тағаланың разылығы үшін сан түрлі садақаларын беріп отырған.Заман сол заман.Өзгерген,қайырырым- дылық секілді қазақтың қанында бар асыл қасиетті ұмытыңқырап, өгейсіреп жүр- ген өзіміз екен, ағайын.

  Шариғатымыздың шарты, халқымыздың ежелгі салты бойынша игілікті амалдың бірі - Атырау қаласы, Алғабас  (тарихи Тасқала) ауылы, «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен іске асты.Атап айтсақ Тасқала-2 елді - мекенінің тұрғыны Бақберген Балманов есімді бауырымыздың жанұясына мешіт тарапынан 10 000 теңге қаржы, азық-түліктей қайырымдылық көмегі көрсе- тілді. Және көмекші молда с.Бәйменов те 10 000 теңге зекетін берді. Өз кезегінде Б.Балманов та барша  діндарларға, басшыларға бар алғысын айтып, істеріне сәтті-  лік тіледі. Алла Тағала күллі мұсылманның ұстаған оразаларын қабыл етіп, айттан-айтқа басымыз аман,бауырымыз бүтін, ел-жұртымыз тыныштықта жеткізгей дем- екшіміз, қадірлі әлеумет. Әумин!

«Мәулімберген» мешітінің

 

баспасөз қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу