Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мешіттер арасындағы футбол жарысы

Кеше  балықшы  кентіндегі  спорттық алаңда  мешіттер  жамағаттарының арасында  Атырау облысы Иманғали орталық мешітінің өкіл имамы Батыржан Мансұров Берденұлының ұйымдастыруымен  футболдан   жарыс  болып өтті.  Жарысты   қала тұрғындары мен жамағат мүшелері тамашалады. Шараны өткізудегі мақсаты – діндар жамағаттармен тығыз байланыс орнатып, олардың дәстүрлі діни бағытқа көзқарасын оңтайландыру. Сондай-ақ, мұсылмандарды бауырмалдыққа шақырып, өзара достық қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік жасау болып табылады.

 

Жарыс қорытындысы бойынша «Құспан молда» мешіті бас жүлдені иемденсе, екінші орынды  «Дина»  сауда орталығындағы намазхана жамағаттары алса, үшінші орындарды «Әт- Тақуа» мешіті місе тұтты. Сайысқа қатысушы жамағаттарға  Атырау облысының қала мешітінің бас имамы   бағалы сыйлықтар мен  мақтау қағаздарын табыстады.

Иманғали орталық мешітінің

баспасөз қызметшісі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу