Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қадір түні Құран Кәрім хатым етілді

 

 

 

Қадір түні Құран Кәрім хатым етілді

 

Аса мейірімді Алла Тағаланың адамзат баласына берген теңдессіз сыйы – қасиетті Қадір түнінде Атырау облысы, Жылыой аудандық орталық мешітінде Құран Кәрім хатымы аяқталды. Ауданның бас имамы А.Исаев мешітке келген мыңдаған жамағатпен бірге еліміз бен жеріміздің амандығын тілеп, қасиетті Қадір түнінде дұға жасады.

Бұдан соң мешітінің жамағатын қасиетті Рамазан айында әсерлі қырағатымен ұйытып, тарауих намазына имамдық еткен Е. Құлмаханұлы қариға құрмет көрсетілді. Қадірі мың айдан да қайырлы деп Құран Кәрімде баяндалған бүгінгі түнді құлшылық ордасына келіп, құлшылықпен өткізгісі келген жамағаттың санына жету қиын. Найб имамдар уағыз айтып, діни сұрақ-жауап ұйымдастырды. Нәпіл намаздар оқылып, жамағатпен бірге дұға жасалды.200 адамға арнап сәресі датарханы жайылды. Осылайша, Қадір түнін мейлінше сауапқа толы өткізгісі келген жандар үшін барынша жағдай жасалды.

Алла Тағала барша мұсылман қауымының қасиетті Қадір түнгі құлшылықтарын қабыл етіп, амал-ниеттеріне сансыз сауаптан жазғай!

       Жылыой орталық мешіттің

                                                                                                                                                                                                           баспасөз қызметі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу