Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жаңа ұстаздың қадамы оң болғай!

Жаңа ұстаздың қадамы оң болғай!

Қасиетті құрбан айт қарсаңында Жылыой аудандық орталық мешітінде оң өзгерістер болып жатыр. Атап айтқанда, Ханафи мазһабы бойынша намаз оқу үлгісі дәлел-дәйектерімен тақташа жасалды. Мешіт жамағаттарының саны күн сайын артуда. Бұл, жаңа келген жас намазхандар үшін жат жолдан сақтандыратын маңызды мағұлмат болып отыр. Сондай-ақ, ҚМДБ -ның бекіткен мешіттің ішкі тәртібі мен ережесі жазылған стент ілінді. Ең үлкен жаңалық, жаңа ұстаздың келуі болды. Өткен жұмада ҚМДБ-ның Атырау облысының өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы Жылыойға арнайы іс-сапармен келіп, Бас мүфти хазреттің бұйрығымен Дастан Сүлейменовтің Жылыой орталық мешітіне ұстаз қызметіне тағайындалғанын мәлім етті. Ілім жолы –Жаннат жолы, делінген хадис шәріпте. Жамағаттардың сұрауы бойынша дәріс алуға қолайлы заманауи дәрісхана ашылды. Енді өз жерімізде терең білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Жаңа қызметке тағайындалған әріптесімізге сәттілік тілейміз.

Жылыой аудандық орталық

мешіттің баспасөз қызметіЖаңа ұстаздың қадамы оң болғай!

мешіттің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Түркиялық ұстаз «Иманғали» орталық мешітінде қызмет етеді

ҚМДБ және Түркия Дін басқармаларының 2007 жылғы 29-қазандағы өзара келісім-шарттарына сай 8-қыркүйектен бастап түркиялық Хусейн Кая «Иманғали» орталық мешітіне ұстаздық қызметке тағайындалды.  Бұл туралы бас имам Батыржан Берденұлы  9-қыркүйек күні оқылған жұма намазы уақытында мәлімдеп, көпшілікті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолымен бекітілген бұйрық мәтініментаныстырды.

Сөз барысында Б.Берденұлы «Хусейн Каяның мешітімізге ұстаздық қызметке келуі – Қазақстан мен Түркия  Діни басқармалары арасындағы әріптестік байланыстың нәтижесі. Х.Каяның мешіт жанындағы сауат ашу курсын сапалық тұрғыдан жандандыруға зор үлес қосатынына сеніміміз мол. Біз ұстазды қуана қабылдаймыз», –  деп, Хусейн Каянының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

Толығырақ ...

Құрбан айтқа мейрамына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жалғасын табуда

         Облыстық «Иманғали» орталық мешітінің бастамасымен мешіттерде Құрбан айт мейрамына байланысты екі беттік парақша таратылуда. Мақсат –Алланың үйіне қадам басып келген жамағатқа Құрбан шалу әдептері туралы аз да болса мағлұмат беріп, құрбандық сияқты пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетінің ереже, тәртіптерін насихаттау.

«Құрбан айт – сауапты құлшылық» атты екі беттік парақшаның бірінші және екінші беттерінде Құрбан шалу туралы қысқаша мәліметтер берілген. Ал, үшінші бетінде Атырау қаласы бойынша қыркүйек айына арналған намаз кестесі орналасқан.

«Білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар!» Бұл – Ислам мәдениетінің ең басы талабы. Діни сауаттылық қана тура жолдан адастырмай, Алла жолынан, хақ жолынан айнытпайтынын білгеніміз абзал. Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында білімімізді арттырып, құлшылықты кемелдендіруге ұмтылайық, ағайын!!! 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Өкіл имам Құрбан айт мейрамына байланысты сұхбат берді

Құрбан айт мейрамы қарсаңында «Иманғали» Орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы әр бейсенбі сайын эфирге шығатын Қазақстан – Атырау телеарнасы «Иман нұры» бағдарламасының кезекті қонағы болып, қасиетті мерекеге байланысты сұхбат берді. Жанам деген жүрекке от бергендей иманға шуақ шашқан салихалы сұхбат «Құрбан айт – құтты мереке» тақырыбында өрбіді.

Екі бірдей дін саласы маманы бас қосқан дөңгелек үстел басында Құрбан айт мерекесінің шығу тарихынан бастап, Ислам шариғатымен біте қайнасқан салттық сипаты әңгіме арқауына айналды.  

Амандық-саулығы Алланың атымен басталған берекелі сұхбат барысында Батыржан Берденұлы бағдарлама жүргізушісі, дінтанушы Айбек Асқарбекұлы тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, сөз түйінін қастерлі Құран аяттары және пайғамбар (с.ғ.с) хадистерімен тұжырымдап отырды.

Сөз соңында өкіл имам «Жаратушыға бір қадам болса да жақындау ниетімен шалынған құрбандықтарыңыз қабыл болып, Алла тағала сауаптан жазсын. Айттан айтқа аман жетіп, ынтымақ, бірлігіміз арта берсін», – дей келе, Атырау жұртшылығын келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтап, қала бойынша айт намазының оқылатын уақытын хабардар етті. Сондай-ақ, айт намазынан кейін мешіт ауласында мерекелік шаралар өтетінін қаперге берді.

«Иманғали» орталық мешітінің

 баспасөз қызметі 

Толығырақ ...