Батыржан Мансұров Құрбан айт (ЖҰМА УАҒЫЗЫ)
- Бөлім: Жұма уағызы
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
Құрманғазы ауданы, «Темірәлі» мешітінің жамағаты, кәсіпкер азаматтар мешітімізге азан шақыруға дауыс зорайтқыш, мешіттің залының терезелеріне және имамның бөлмесінің терезелеріне жалюздерді сыйлық ретінде табыс етті, оған қоса биыл жазда мешіттің залына жаңа сплит система алынды. Садақаңды сау кезіңде бер демекші, садақа түрлі бәле жаладан сақтайды, өмірдің ұзаруына себепші болады. Аудан имамы Н. Жарқымбаев мешітке көмек қолын созған намазхан бауырларымызға, кәсіпкер азаматтардың кәсіптеріне береке тілеп, алғысын айтты.
Алла Тағала қасиетті Құранда:
«Намаз оқы және құрбан шал»-деп («Кәусар» сүресі, 3-аят) әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдірген
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.):
«Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес.Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары мен жүндерімен келеді.Ағызылған қан жерге тамбай жат- ып, Алла Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандар- ыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар»,-деген.
Атырау қаласы, Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжановтың басшылығымен құрбан айт мерекесіне арнайы дайындық жұм- ыстары жасалды.Атап айтқанда «Құрбан айт құтты болсын» деген баннер мешіт шарбағына ілінді.Сондай-ақ, мешіттің ауласы мен айналасына тазалық жұмыста- ры жүргізілді. Жаратушы иеміз баршамыздың ниеттерімізді қабыл етіп, егемен еліміздің іргесін берік еткей.Әумин!
«Мәулімберген» мешітінің
баспасөз қызметі.
Өткен жылдың ақпан айында Астана қаласында өткен 1-ші республикалық имамдар форумында мұсылман қауымы үшін маңызды төрт құжат қабылданған болатын. Соның бірі «Қазақстан мұсылмандары тұғырнамасының» 11-ші бабында келтірілген «ҚМДБ-ның радикалды, теріс пиғылды және жалған діни ағымдарға қатысты ұстанымы». Аталған құжатта былай делінген: "ҚМДБ Қазақстан аумағында жария түрде немесе астыртын жұмыс істейтін әр түрлі радикалды, теріс пиғылды, жалған діни деструктивті ағымдардың ұстанымдарымен келіспейді. Ел мұсылмандарының бірлігі үшін ықылым замандардан бері қазақ халқының діліне сіңісті болған Ханафи мәзһабын ұстануға шақырады. Танымдық мәселелерде Матуриди мектебінің ұстанымдары негізінде қалыптасқан таным тұғырын ұстануға үндейді».
Осы құжат негізінде ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі Ғ.Ж.Мәжиевтің бұйрығымен «Мешіттің ішкі ережесі мен тәртібі» бекітілген болатын. Бұл алты тармақтан тұратын ереже еліміздегі мешіттер үшін аса маңызды құжат деп есептейміз. Аталмыш ережені ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, бас имам Батыржан Берденұлы облысқа қарасты барлық мешіттерге іліп қою туралы тапсырма берген еді.
Осымен байланысты Атырау қаласына қарасты Алғабас мөлтек ауданындағы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов, ереже мәтінін арнайы баннерге жаздырып, мешіт қабырғасына ілдірді. Сондай-ақ, мешіт ғимаратының маңдайшасына: «Бұл мешітте намаз Әбу Ханифа (р.а.) мәзһабымен оқылады»,-деген ескерту де жазылды. Сондықтан да барша мешітке келуші жамағатқа кейін естіп, білмегенін сылтау етпес үшін қаперге береміз.
«Мәулімберген» мешітінің
баспасөз қызметі.
Алла амандығын берсе, күні ертең Құрбан айт мерекесі басталады. Бұл - күллі мұсылман жамағаты асыға күткен ұлық мейрам. Міне, осындай бірлік пен берекеге шақыратын мерекені облыстық "Иманғали" Орталық мешіті ерекше дайындықпен қарсылауда. Осымен байланысты мешіт ұжымы бүгінгі демалыс күнін мешіт ауласында қарсылап, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мешіт тазалығын руханият тазалығынан кем көрмей, қашан да қайырлы, игі істердің басы-қасында жүретін Бас имам Батыржан Берденұлының бастамасымен өткен аталмыш шарада мешіттің ішкі-сыртқы тазалығына мән берілді. Жөндеу жұмыстарынан кейін мешіт ауласында аяқсыз қалған азын-шоғын жөндеу жұмыстары аяқталып, оңды-солды шашылып жатқан құрылыс материалдары ретке келтірілді.
Айнадай жарқыраған мешіттің тазалығы ұлық мерекені Алланың үйінен бастаймын деп келген жамағатқа мерекелік көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз.
Құрбан айт құтты, жасаған құлшылықтарымыз қабыл болсын, ағайын!
"Иманғали" Орталық мешітінің
баспасөз қызметі