Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Құрбандық етін тарату – ізгілікке толы игі іс

   Құрбан шалып, құрбандық етін тарату – күллі мұсылман жамағаты үшін Алла тағаланың бергеніне шүкіршілік етіп, оған жақындауды ниет ететін ізгі құлшылықтардың бірі. Осы орайда Атырау облыстық «Иманғали» мешіті жылдағы дәстүр бойынша қасиетті Құрбан айт намазынан кейін асыл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сай Құран оқып, құрбан шалу рәсімін өткізді.

Қашан да әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі мүгедектер мен асыраушысы жоқ мұқтаж жандарға көмек қолын созуға даяр мешіт ұжымы құрбандық малының етін тарату барысында да белсене қызмет етті. Құрбан айттың алғашқы күні 300-ге тарта отбасыға құрбандық еті таратылды.

Бір-біріне жылыұшырай амандасып, құрбандықтың қабыл болуын тілескен ағайын қайырымдылық шараларын өткізуде көптің көңілінен шығып жүрген мешіттің Бас имамы Батыржан Берденұлына алғыс білдіруді де ұмытпай, айттан айтқа аман-есен жетуді тілесті.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі



Толығырақ ...

«Иманғали» мешіті Құрбан айт мерекесін атап өтті(фото)

          Күллі мұсылман қауымы асыға күткен ұлық мереке – Құрбан айт мейрамы да тойлануда. Еліміздің түкпір-түкпірінде айт намазын оқудан бастау алған мереке «Иманғали» орталық мешітінде де ерекше аталды. Арайлы таңның атысымен айт намазын оқуға ағылған халық қарасының көп болғаны соншалық, орталық мешіттің іші-сырты лық толды. 

Толығырақ ...

Жұлдыз мешітінің наиб имамы бас имам қызметіне тағайындалды

Жұлдыз мешітінің наиб имамы бас имам қызметіне тағайындалды

 

            Атырау қаласындағы Жұлдыз мешітінің бұрынғы бас имамы Есмұхан Нұрым Досанұлының "ҚМДБ Зекет қорының" Атырау облысы бойынша өкілі қызметіне ауысуына байланысты оның орнына аталған мешіттің бұрынғы наиб имамы Сүндетов Нартай Төлеуғалиұлы тағайындалды.

            Нартай Төлеуғалиұлы - ұзақ жылдар бойы Мақат аудандық мешітінің бас имамы болып, соңғы жылдары "Жұлдыз" мешітінде наиб имам қызметін атқарған діни сауатты, білікті маман. Осы ретте әріптесімізді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, Алла жолындағы игі істеріне сәттілік тілейміз!

 

 

"Иманғали" орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Толығырақ ...