Ернар Мажен- Алланың қасиетті мекені мешіт `(жұма алды уағызы)
- Бөлім: Жұма уағызы
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
Қазіргі қазақ қоғамында белең алып, елдігіміздің ертеңіне қауіп төндіріп отырған экстремистік ағымдармен күрес – бүгінгі таңда өзектілігін жоймай отырған мәселелердің бірі. Бұл ретте жастар тәрбиесі ерекше мән беруді қажет етеді. Өйткені, тура жолдан адасып, өз тарихынан жаттанған ұрпақтың денін жас жеткіншектер құрауда. Осымен байланысты «Иманғали» орталық мешітінің уағыз-насихат жұмыстарының басты бағыты осы – өскелең ұрпақ тәрбиесіне арналып келеді.
Жақында «Экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында Атырау мұнай және газ технология колледжінде студенттермен өткен кездесуде асыл дініміздің шариғи ұстаным, құндылықтары және экстремистік ағымдардың зардаптары туралы әңгіме сөз болды. Кездесуге мешіттің наиб имамы Мұрат Мұстафаев, сондай-ақ, ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің жастар ісі бойынша жетекшісі Арман Урумбаев қатысып, жастық шақ сынды нығметтің Ислам дініндегі орнын аят, хадистермен түсіндіріп берді.
«Адам баласы Алла тағала тарапынан жастық шағында уақытын қалай өткізгені жайында сұралады. Жастық шақ игі іске арналса, қоғамның игілікке бір қадам жақындай түскені. Міне, осындай ұлт, ұлт мүшесінің бақытты, ізгі болуын көздейтін Ислам дінінің уақытқа көңіл бөлуінде елдің бірлігін сақтау мүддесі жатыр. Түптеп келгенде, жат ағымның артынан жалтақтап, қайырсыз іске уақыт жібермей, діни сауатты болу ұлтымыздың тұтастығын сақтауға қызмет еткенмен тең», – деді М.Мұстафаев.
Шара соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасылды.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
Құрметті оқырман! Бүгінгі басты назарға алып отырған тақырып «Ашуды басу» жайында болмақ. Қазіргі таңда өздеріңізге белгілі осы ашу деген шайтанның пәлекеті мен түрлі жағдайлар орын алып жатқаны белгілі. Мысалы: бір жанұяның екі жаққа ажырасып кетуі, туған әкесін немесе анасын ұру, өлтіру секілді және ағайын-жұртқа жек көрінішті атанып масқараға қалу түрмеге қамалу секілді жағдайларда қалуда. Жалпы адам баласы жақсылық пен жамандыққа бейім келеді. Бұл нәпсі жағынан орын алатын бір құбылыс, сондықтан нәпсіні тәрбиелеп, жүректі тазалап, мінез – құлықты әсемдеу арқылы жаман сипат пен бейімділіктерді түзеп рухани сипаттарды кемелдендіру қажет. Бұл тұрғыда құлдың ең алдымен дұрыстайтын қасиеті ашу. Себебі, ашу - жаман мінез-құлықтың ең қорқыныштысы. Ең алдымен ашу адамның жан дүниесінде «кек, өш, кекету, жындану, ұрыс, жанжал, тіпті өлтіру» сынды жамандықтарға толы, сондықтан адам өмірінде орны толмас қателік пен кемшілікті зиянды іс-әрекеттер жасап қоюдан қорықса, құранға және сүннетке амал қылсын делінеді. Ашуланып жатқан адам ең алдымен не үшін, кім үшін, кімге ашуланып жатқанын біліп, тұрып тұрса отырсын, отырған болса жатсын, себебі, адам тұрып тұрса тәкәппарлығы артып, көзін шел басады. Содан соң не істеп қойғанын білмей өкінішке қалады. Ашуланған кезде дәрет ал немесе ғұсыл құйын себебі ашу шайтаннан, шайтан оттан, отты су сөндірмек Абу Даррадан (р.а) Пайғамбармыз (с.а.с.) «Маған мені жаннатқа жетелейтін бір нәрсе үйретіңіз» де сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ашуланба» деді. (Бухари, әдеп 76, Тирмизи 73).
Тағы бір хадисте «Күшті қуатты палуан әркімді жерге ұрып жыққан емес,нағыз қаһарман ашуланған кезде өзін-өзі ұстаған адам» делінген.
Құран Кәрімде «Рахманның құлдары жер бетінде кіші пейіл, сыпайы жүреді, надандар оларға тік сөйлесе де олар «Есен болыңдар!» деп, сәлемдесіп қояды». (Надандар мен сөз таластырып әуре болмайды) Фурқан сүресі, 63 аят.
ХазіретіЗуммун Мисри былай деген «Аллаһтың досы болып нәпсінің жауы болу керек, нәпсінің досы болып Аллаһтың жауы болмау керек!»
Сондықтан құрметті оқырман естіген, көрген, оқыған нәрсеге амал етсек ашуды тез жеңеміз.
Дұға «Уа Алла! Біздерді нәпсіміздің тұтқыны болудан сақта! Сенің риза да, қош көретін көркем мінез-құлық пен көңілдерімізді безендір!» ӘМИН!
Бәйтерек мешітінің найб имамы –
Дәулетханұлы Шалхар
Қазіргі ата-ана баласы «Алла» атын аузына алып, намазға жығыла бастаса кәдімгідей қорқып, қобалжитын жағдайға жеткен. Мұндай жайт ата-бабамыздың үш ұйықтасада түсіне кірмеген болар. Алайда, өкінішке қарай, бүгінгі ғаламдану заманындағы еліміздегі ахуал осыған саяды. Бұл арада мәселе діннің өзінен емес, дін атын жамылушы теріс пиғылдылардың құйтырқы әрекетінен ушығып тұрған жайы бар. Міне осы дәстүрлі емес діни ағымдар туралы мәлімет беру, тұрғындарды, соның ішінде жастарды жат ағымдардан сақтандыра отырып, дәстүрлі діни бағыттың жолдарын ұстануға дұрыс бағдар беру бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 19 – 21 қыркүйек күндері «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Құрманғазы ауданында бірқатар іс-шаралар өткізді. Атап айтар болсақ, аудандық ішкі істер, шекара қызметкерлеріне, төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлеріне және шалғайдағы Балқұдық ауылының тұрғындарына «Діни жат ағымдармен күресудің жолдары» атты тақырыпта кездесулер, сонымен қатар аудандық «Темірәлі» орталық мешітінде болып, Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Аудан тұрғындарының арасынан теологиялық мәселелермен келген тұрғындарды қабылдап, жеке кездесулер өткізді.
Аталған шараларда «Шапағат» орталығының директор орынбасары, теолог Айбек АТАШЕВ және теолог-дінтанушы Мейіржан РАХМАТУЛЛА – қазіргі таңда діни ахуал қоғамдағы түйінді мәселелердің біріне айналғандығын айтып, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы жеткізді. Сонымен қатар қазіргі кездегі елімізде жастарды адастырып жүрген уахабизммен-салафизмнің тармақтары және пайдаланатын әдіс тәсілдерін ашып көрсетіп, қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға тұщымды жауаптар берді.
Осылайша ауданда өткізілген 3 күндік іс-шараларға ризашылығын білдірген орган қызметкерлері, Балқұдық ауылының тұрғындары, мешіт жамағаттары ұсыныс-пікірлерінде ойдан тыс қалдырмады.
Діни татулық – ұлттық тұтастығымыздың кепілі. Бұл орайда көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбеков ағамыздан асып, «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің», – деп дөп айтқан ешкім бола қоймас. Өйткені, асыл дініміздің атын жамылып, адасқан жастарымыздың ата дәстүр, баба тарихымызға қараулық ойлап жүргені жасырын емес. Бұл – қазіргі таңда елдігімізге сызат түсіріп отырған қазақ қоғамының рухани қасіреті. Осы орайда экстремистік ағымдардың алдын-алу мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар да аз емес.
Бүгін Құлсары қаласындағы № 9 жалпы орта мектепте «Дін – тәрбие діңгегі» атты кездесу өтті. Шараның мақсаты – мектеп оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеп, тарихи санасын ояту, діни сауаттылығын арттыру.
Кездесуге қатысқан Жылыой аудандық орталық мешітінің бас имамы Арман Исаев пен аталған мешіттің ұстазы, теолог Дастан Сүлейменов Ислам дінінің мәңгілік ақиқатқа айналған ұстанымдары туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, қаламы көтеріліп қойылған дінімізге жау ниетті экcтремистік ағымдардың зардаптарын, әдіс-тәсілдерін санамалап көрсетіп, діни сауаттылықтың мән-маңызы туралы сөз қозғады.
Шара соңы еркін пікір алмасуға ұласып, білікті дінтанушылар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
ҚМДБ-ы Жылыой
аудандық өкілдігінің
баспасөз қызметі