Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Білім күнімен құттықтады.

Қыркүйектің   1-і   «Иманғали» орталық мешітінің  бас имамы  Батыржан Мансұров Берденұлы  Қазақстан Атырау арнасында  «Иман Нұры» бағдарламасында сұқбат берді.

Бағдарлама барысында   Батыржан Мансұров Берденұлы  Атырау  жұртын  білім күні мен құттықтап , алдағы оқу жылына  сәттілік Алладан амандық тіледі.  Білім алу, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы екенін айтып өтті. Себебі, Алла Тағала әуелгі аятын уахи еткенде «Ғәләқ» сүресінің бес аятын түсірді Пайғамбарымызғаған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  Жәбрәйіл:

 «- Оқы!  Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Адамды ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін үйретті.» ( Ғәләқ сүресі 1- 5 аяттар).

 Демек , алғашқы аяттар тек  оқу туралы меңзеп тұр. Бұл Алла Тағаланың біздерге бұйырған әмірі. Бірақ  аятта қай ілім саласын  оқу айтылмаған.Сол үшін де адам өмірінде діни ілімнің және дүниеуи ілімнің де алатын орны ерекше. Олай болса  адамзат үшін барлық білім  саласын үйрену қамтылып тұр.Тек діни ілім алу парыз да дүниеуи ілім маңызды емес деген бұл қате түсінік. Қазіргі таңда мұсылман емес мемлекеттер неге қарқынды дамуда?! Өйткені олар білімге ғылымға аса зор мән беруде. Құран Кәрімде Алла Тағала:

 

«-Білетіндер мен білмейтіндер тең болама?»(Зүмәр сүресі 9 аят) - деп паш етті.Құран кәрімнің  алты жүзден астам жерінде білім жайлы айтылған. Және бір нәрсені білмесеңдер ілім иелерінен сұраңдар деп бұйырады. Пайғамбарымызған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  өзінің хадис шәріпінде: Ілім алу әрбір мұсыман ер мен әйел кісіге парыз, — деген. Мұсылман адам жанжақты болуы тиіс. Өйткені мына қазіргі барлық технология дамыған заманда біз алпауыт ірі мемлекеттермен санасуымыз  қажет, мейлі ол дін саласында болсын, мейлі дүниеуи саласында болсын. Бірақ ондай жетістіктерге жетуіміз үшін өскелеңұрпақа дұрыс ілім беруіміз қажет. Бірақ ең бірінші біз мектеп қабырғасындағы балаларға зәру болған діннің тіректерін бойларына сіңіртуіміз қажет.  Кейін ол балалар дін ілімді де, дүниеуи ілімін де бірге қатар алып жүретін болады. Ілім жолы — жәннат жолы. – деп  білімнің маңыздылығы жайында  көрерменге жеткізді. Бағдарлама соңында   көрерменнен қойылған сұрақтарға жауап берді. 

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметшісі.

Толығырақ ...