Зульхижжә айының 10-жұлдызы – қасиетті Құрбан айт мейрамы басталатын ай. Бұл айдың бастапқы он күні – берекелі күн. Оның ардақтылығын Алла тағаланың өзі Фәжр сүресінде ант ете отырып білдірген: «Рауандап атқан таңмен және (зүл-хижжәның айының) он түнімен ант етемін»[1]. Осы он күнде мұсылман кісі мүмкіншілігі болса, ораза ұстап, көптеп құран мен нәпіл намаздар оқығаны дұрыс. Мұқтаж жанға садақа беруді де ұмытпағаны жөн. Өйткені хадисте айтылғандай бұл күндері жасалатын қандай да болмасын игі амал - Алланың қасында ең сүйкімді. Сүйікті Пайғамбарымыз да (ﷺ) өзінің асыл сөзінің бірінде: «Осы он күнде жасалған игі істен Аллаға сүйкімдірек игі іс жоқ, яғни (зүлхиджаның) он күні...»[2], – деген.
Қанат Жұмағұл - 9 шы үлкен күнә Пайғамбарымыз (с ғ с) атынан өтірік айту
- Бөлім: Медиа дәрістер
Толығырақ ...