Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

                 Мешіт – шариғи амалдарды өтейтін орын.Заманның тілімен айтсақ, ішкі-сыртқы шаруалары шаш-етектен бір мекеме.Күнделікті «күйбің тірлік» мешіттен де айна- лып өтпейді.Мешіттің жарығы мен жылуы, ыстық - суық суы, тазалығы мен дәрет  орындары, және жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.Баршамызға да белгілі, еліміз зайырлы мемлекет болған соң мешіт қажеттіліктеріне қазынадан «көк тиын» бөлінбейді.Аталмыш жұмыстарға тиісті қаражат,жұмыс күшін табу да мешіт қызметкерлерінің абыройлы міндеті.

 ҚМДБ-ның филиалы, Атырау қаласы, Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітінде бас имам Мақсот Бағытжановтың тапсырмасымен ішкі-сыртқы жөндеу жұмыста- ры басталды.Атап айтқанда,мешіттің ішкі және сыртқы қабырғаларын бояп, жар- ық жүйелері жөнделді.Сондай-ақ мешіттің сыртқы темір қоршаулары сырланды. Тиісті жұмыстарға «жұдырықтай жұмылып» ақы-пұлсыз атқарып жатқан азамат- тарға, оларға басшылық жасап жүрген наиб имам - Ізбасар Қабдырахманов пен көмекші молда Серік Бәйменовтарға Алла Тағала разы болып, еселеп сауап жаз- сын демекшіміз.Әрдайымда береке-бірлігіміз арта берсін.Әумин!

«Мәулімберген» мешітінің

 

баспасөз қызметі.

Толығырақ ...

Дін - дүние діңгегі

                                           Дін - дүние діңгегі  

       Кешегі келмеске кеткен Кеңес кезінде «Дін-апиын», «Дін-ескіліктің қалдығы»,- деген секілді сыңаржақ пікірлер салтанат құрып тұрған.Ол кезде сол идиологияға қарсы бір ауыз сөз айту өліммен пара-пар болатұғын. Міне, сол сұрқия заманның қардай борасынына қарсы қазақтың қайсар ұлы Мұқағали Мақатаев:

«Дін – ғылымның анасы.

Дін – ғылымның әкесі.

Ғылым оның баласы,-

Дін – ғылымның көкесі» - деп жауап қайтарған екен.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.):

«Дін-насихат»,-деп анық айтқан.Сондықтан да асыл дінімізді насихаттау мақсаты- мен Атырау қаласы, Тасқала ауылы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов «басшыға бағыну», «мешіт тәртібін сақтау»,«Алланың берген нығмет- теріне шүкіршілік айту» төңірегінде тұщымды уағыз-насихат айтты. Жаратушыдан жарылқау тілеп, барша адамзат баласына береке-бірлік, тыныштық тіледі.Тәуелсіз Қазақ елінің іргесі берік, шуақты күндеріміз молынан болғай, ағайын! Әумин!

«Мәулімберген» мешітінің

 

баспасөз қызметі. 

Толығырақ ...

Басшы басқосу өткізді

           Жаздың жайлы күндері күздің күреңіткен күндеріне орын беріп, төңіректе қар- балас басталды.Қыр астында «қылышын сүйретіп» қыс та келіп қалды. Қазақ:      «қыстың қамын жаз ойла»,-деп бекер айтпаса керек.

   Қыркүйек айының 5-ші жұлдызы, дүйсенбіде  Атырау қаласы, Алғабас ауылы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов жиналыс өткізді.Жи- ынға наиб имам  - Ізбасар Қабдырахманов, көмекші молда Серік Бәйменовтер қатынасты.Жиналыста мешіттің ішкі-сыртқы тәртібі,«басшыға бағыну» мәселесі, алдағы келе жатырған «Құрбан айт» мерекесі мен қыс маусымына дайындық жұмыстары пысықталып, тиісті тапсырмалар берілді.Алла Тағала барша игілікті істерімізге еселеп сауап жазғай.Әумин!  

«Мәулімберген» мешітінің

 

баспасөз қызметі.

Толығырақ ...