Ұстаз Мейіржан Рахматулла -Такаппарлық
- Бөлім: Медиа дәрістер
Толығырақ ...
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
Жылыой аудандық мешітінің ұйымдастыруымен Құлсары қаласындағы «Кең Жылыой» мәдениет үйінде«Адамзаттың абзалы» тақырыбындаМәуліт мерекесі аталып өтілді. 6-қаңтар, қасиетті жұма күніне сәйкес келген айтулы шара мешіттен басталды десек те болады. Мәуліт мерекесін атап өтуге жиналған жамағат алдымен Алланың үйінде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлына ұйып, жұма намазын оқыды. Адамзаттың асыл тәжі, екі дүние сардары, асыл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмметіне сүннет болған өнегелі өмір жолын ұлықтауға арналған шара барысында бас имам Мәуліт дұғасын оқып, пайғамбар (с.ғ.с.) туған күнді құрметпен еске алудың артықшылықтарына тоқталды. Ақиқат дінге, құдіретті Алла Тағалаға, Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік сезім мен сағынышқа толы «Біләлдің азаны» атты қойылымның әсерлі шыққаны сондай – жиылған жамағат жанарына жас үйірді. Айта кету керек, ерекше тебіреніспен шырқалған иләһи әуендер, көрермен назарына ұсынылған бейнебаяндардың тағылымдық мәні зор болды. Кештің марапаттау бөлімінде ұлттық дәстүрімізбен ұштасқан асыл дінмізді халыққа кеңінен насихаттауда аудандық мешіттің қайырымдылық бағыттағы іс-шараларына белсене араласып, азаматтық қолдау көрсетіп келе жатқан бір топ жамағат «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жүрек толқытқан рухани-танымдық шара соңы Мәуліт дастарханына ұласып, «Мұнара» мейрамханасында 350 адамға дастархан жайылды. Астай үлкен дәм үстінде өкіл имам сөз сөйлеп, аудан әкімінің орынбасары Сайлау Иманғалиұлы ізгі тілегін жеткізді. Дәстүрге сай ардагер қонақтарға шапан жабылып, Мәуліт мерекесін қыздыра түсті. Сый-сияпаттан көзіміздің нұры – балалар да құр қалмай, мәре-сәре болды. Ал, қайырымдылық көмек ретінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған 50 отбасыға Мәуліт сыйы тарту етілді. Ас қайырар тұста ақсақал қариялар ізгі тілек, ақ ниетпен дастархан батасын берді. Облыс бойынша осындай игі бастамаларға ұйытқы болып және оның басы-қасында жүрген өкіл имам Б.Берденұлына, аудандық мешіт ұжымына ризашылық сезімдерін білдірді.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша баспасөз қызметі, Жылыой аудандық мешіті