Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қалалық «Әт-тақуа» мешітінде Ақсақалдар алқасы құрылды

Қалалық «Әт-тақуа» мешітінде Ақсақалдар алқасы құрылды. Мешіттің ақсақалдары (жамағат) бас қосқан жиынды бас имам Өсімхан Аманбайұлы ашып, ақсақалдар алқасын құрудың маңыздылығына тоқталды.

Бас имам қазақ тарихындағы ақсақал қариялардың қадір-қасиетін тілге тиек ете келе,  Бауыржан бабамыз айтқандай «тұтас бір ауылдың жоқ-жітігін түгендеп, азаматын атқа мінгізіп, жақсылығын асырып отыратын ақсақал аталардың» мешітте де орны бөлек. Өйткені, мешіт – Алланың үйі. Нұр үйі. Ізгіліктің бастауы, тәлім-тәрбие ордасы. Осы ретте ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) мұсылманның мұсылманға бауыр, айна екенін айтып, бауырмалдықты өсиет етті. Олай болса, мойнымызға жүктелген осынау міндет біздің мешітімізде салтанат құрып, келер буын – жас жамағатқа бір атаның баласындай татулық, достығымыз үлгі болуы тиіс», – деп, ақсақалдардың жас жамағат алдындағы жауапкершіліктерін атап көрсетті.

Басқосу барысында ақсақалдар сөз алып, имамның ойын қостайтынын білдірді. Алдағы уақытта аға буын мен кейінгі буын арасындағы ынтымақты арттыру ісіне бел шеше кірісуге дайын екендіктерін жеткізді.

Айта кету керек, Ақсақалдар алқасының мақсаты – Алла үйінің ішкі-сыртқы тәртібін қадағалап, тазалық жұмыстарын ұйымдастыруда жастарды жұмылдыру. Мешіттің қайырымдық бағытта қолға алатын игі бастамаларын жүзеге асыруға белсене араласып, қоғамдық шараларды өткізуде жас жамағатқа қолдау білдіру.

Ақсақалдар алқасының шешімімен алқа төрағасы болып Әділ ақсақал сайланды.

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің

баспасөз қызметі,

 

«Әт-тақуа» мешіті

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу