Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Исатай ауданы мәуліт мерекесін өткізді (фото)

Атырау облысы, Исатай ауданының жұртышылығы Мәуліт айына арналған рухани шараны жоғары деңгейде атап өтті. Аудан орталығының мәдениет үйінде шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Мансұров және Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайша Әбежан арнайы қатысты.

Толығырақ ...

Құрманғазы ауданында «Мәуліт кеші» аталып өтті.

Құрманғазы ауданында «Мәуліт кеші» жоғары деңгейде аталып өтті. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірі мен хадистердің маңызы туралы кеңінен ақпарат берілген рухани кеште илләһи әндер де нақышына келтіріп орындалды.

Жергілікті жамағат көптеп жиналған шарада Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметов Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровқа алғыс хат табыс етті. 

Айта кетелік, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде әріден бастау алады. Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан. Мерекеде Алла Тағаланың кәламы – қасиетті Құран оқылып, пайғамбарымыз (с.ғ.с) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылып, сәлем жолданады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  өнегелі өмір жолы барынша қыр-сырымен насихатталып, үмбетінің Алла елшісіне (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік сезімдері одан әрі күшейтіле түседі. 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

Толығырақ ...