Наиб имам мүмкіндігі шектеулі жандармен жүздесті
- Бөлім: Жаңалықтар
20-ақпан күні ҚМДБ-ның Атырау өкілдігі бойынша жастар бөлімінің жетекшісі, наиб имам Арман Урумбаев мүмкіндігі шектеулі спортшылармен кездесті.
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
20-ақпан күні ҚМДБ-ның Атырау өкілдігі бойынша жастар бөлімінің жетекшісі, наиб имам Арман Урумбаев мүмкіндігі шектеулі спортшылармен кездесті.
18-ақпан күні қалалық «Әт-тақуа» мешітінде ақсақал қариялардан аталы сөз тыңдап, көпті көрген өмірлік тәжірибелерінен тағылым алу мақсатында жастармен кездесу болып өтті.
Бірі аға, бірі іні – екі толқын өкілдері бас қосқан жамағат жиынын мешіттің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы ашып, жұмыс жоспарын үлкендермен кездесуден бастаған «Жастар ұйымының» қадамына сәттілік тіледі. «Жақында ғана көп болып тұсауын кескен ұйымның өз ісін ақсақал жамағатты құрметтеуден бастағаны бірлік пен берекеге жол ашқанмен тең игі қадам. Өйткені үлкенді сыйлау, кеңесін көңілге түйіп, ақ батасын алу – пайғамбар сүннеті. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) іс шешуі қиындап, оны Құран мен сүннеттен таба алмаған жағдайда шариғат білгірлері мен құлшылығына мығым тақуа жандардың кеңесіне жүгініңдер. Өз ойларыңмен амал етпеңдер», – дегенді өсиет еткен. Ал Ислам тарихында Алла Елшісінен (с.ғ.с.) артық достарымен көп ақылдасқан жан болмаған екен. Олай болса аға буынмен пікірлесу алыс жолды қысқартып, қатенің басын қайырады. Тура жолыңнан тайдырмай, жан сарайың құлазығанда қолдау білдірер қорған, пана болады», – деді бас имам.
Кездесу барысында ақсақалдар жастық шақтарының асыл дінімізді «апиын» санатқан Кеңес өкіметі заманымен тұспа-тұс келіп, Исламмен қарттық шақтарында қауышқандарына қынжылысы барын айтты. Бүгінгі жастардың жастайынан Ислам нұрымен сусындауға мүмкіндігі барына қызығатындарын білдіріп, нығмет қадірін білуге шақырды. Және осындай кездесуді өткізу туралы бастама көтеріп, оған ұйытқы болған бас имамға зор алғыстарын жеткізді.
Қариялардың тебіреніске толы өнегелі сөздері жастардың намысын қайрап, жігерін жани түскендей. Кездесу соңында жамағат дастарханнан дәм ауыз тиді.
ҚМДБ-ы Атырау
өкілдігінің баспасөз қызметі,
қалалық «Әт-тақуа» мешіті
Атырауда, «Иманғали» орталық мешітінде Люба Будная атты христиан қызы Ислам дінін қабылдады.
Дәлірек айтқанда, әкемнен мирас болған дінімнен шығып, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) дінін қабылдағым келеді деп өз еркімен мешітке қадам басып келген христиан қызын ұстаз Айжарқын Түзелова құшағын жая қарсылап, иман шарттарымен таныстырды.
Осыған дейін мешітке бірнеше мәрте бас сұғып, Алла үйінің мазасыз жанды тыныштандыратын құдіретіне көзі жеткен ол көп кешікпей мұсылман атану туралы нақты шешім қабылдаған екен. Осылайша мешіттің Құран оқу бөлмесінде Л.Будная тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман атанды. Есімінің де мұсылманша болуын қалаған Люба қыз атын Әсия деп өзгертті.
Айжарқын ұстаз Әсияны мұсылман жамағаты қатарына қосылу қуанышымен құттықтады. Және Ислам дінінің қос қайнар көзі – қасиетті Құранды үйретіп, пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінен тағылым алуға үндейтін сауат ашу курсына шақырды.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
18-ақпан күні ҚМДБ-ы Атырау өкілдігі бойынша Әйел-қыздар секторы іс тігуден шеберлік сағатын өткізді. Әйел-аналарымызды қолөнерге баулумен қатар, қайырымдылық шарасына атсалысуға үндейтін игі шараны сектордың облыс бойынша жетекшісі, білікті ұстаз Айжарқын Түзелова жүргізіп, отбасы – ошақ қасындағы әйелдің міндеттері туралы уағыз айтты. «Әйел – шаңырақ шаттығының ұйытқысы. Жыртығын жамап, тесігін бүтіндеп отыратын жылу, шуағы. Яғни, ана мейірі үйге қандай береке сыйласа, қолы да барды ұқсатып, жоқты білдірмес епті болуы керек», – деді ол өз сөзінде.
Шеберлік сағаты барысында мешіт жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан әйелдер жамағаты ер балаларға арналған қазақша оюлы желет, шалбарлар мен жайнамаздар тігіп, қолөнер бұйымдарын дайындады.
Айта кету керек, ісмер аналардың қолынан шыққан аталмыш киім өнімдері наурыз айында өтетін «Қайырымдылық жәрмеңкесінде» сатылымға шығарылады.
Гүлбану Нұрымқызы
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі