Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атыраулық Әйел-қыздар секторы тәж кешін өткізді

22-қаңтар күні ҚМДБ Атырау өкілдігі бойынша Әйел-қыздар секторы

мешіт жанындағы сауат ашу курсында оқып жатқан әйелдер жамағатының Құранға түсу қуанышына орай «Құран – жәннат тәжінің кепілі» атты рухани-танымдық шара өткізді.

Құран-кәріммен ашылған тәж кешінде өкіл имам Батыржан Берденұлы кіріспе сөз сөйлеп, ілім жолында жүрген ақ жаулықты асыл аналарымыз бен бойжеткен қыздарымызды Құранға түсу қуанышымен құттықтады. Батыржан қажы өз сөзінде «Асыл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрак мінезі Құраннан тұрған. Адамзаттың абзалы мирас еткен бұл нығмет – біздер үшін үлгі-өнеге. Мұсылман кәміл иманға жетемін десе, ілім үйренуден, ізденуден жалықпауы керек. Көрген жан көркем мінезіне сүйсініп, одан дін-Исламның шарапатын көргені абзал», – деді.

Сондай-ақ, «бұ дүниеде Құранды жаттаған хафиз баланың ата-анасы о дүниеде жәннатта нұрдан тәж киеді», – деп келетін пайғамбар (с.ғ.с.) хадисін мысал еткен сектор жетекшісі Айжарқын Түзелова Құран оқуға қол жеткізіп, өзара қуанысқан шәкірттерге нұр символы іспетті қолөнер тәжін тарту етті.

Шара барысында Алланың құдіретіне бас иіп, оның теңдесі жоқ тоқсан тоғыз есімін ұлықтайтын иләһи әндер шырқалды. Тағылым-тәрбиелік мәні көріністер қойылды.

Шара соңында әйел жамағаттарына Құран тарту етіліп, ақ дастарханнан дәм ауыз тиді.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу