Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қариялардың басқосу жиыны марапатқа ұласты

24-ақпан күні «Иманғали» орталық мешітінде бас қосқан қариялардың кезекті «Жұма шайы» марапатқа ұласты. Нақты айтсақ, қасиетті жұма күнгі жұма намазынан кейін жайылған қариялар дастарханында бірлік, ынтымақ тақырыбында уағыз айтылып, халыққа қызмет етіп жүрген бір топ ақсақал ағаларымыз сертификатпен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ел арасында қызмет етіп жүрген ақсақалдарымыздың біліктілік арттыру курсында білімдерін шыңдап, кейін арнайы сынақ емтиханынан өткенін хабарлаған болатынбыз. Аталған құжат  сол сыннан сүрінбей өткен 10 қарияның біліктілігін арттырғанын растайтын дүниелер еді.

Шара барысында ҚМДБ-ы Атырау өңіріндегі өкіл имамы, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қарияларды сертификат алу қуанышымен құттықтап, елге сіңірер еңбектеріне береке, толағай табыс тіледі. Өкіл имам байырғы қазақ даласындағы ұлттың тұтастығы, ел бірлігін сақтаған ақсақал, би-шешендердің өнегелі өмірлерінен үлгі келтіре отырып, кейін келе жатқан толқын алдында даналығымен озған ақылман қария болуға шақырды.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

  баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Мүгедек жандарға қайырымдылық көмек жасалды

24-ші ақпан күні Исатай ауданының бас имамы Құрметқали Жұмағұлұлы 1,3 топтағы мүгедек жандарға қайырымдылық көмек көрсетті.

Атап айтсақ, Аққыстау селосының тұрғыны есту қабілеті жоқтығынан 3 топтағы Омаров Мейрамға және Өркен ауылының тұрғыны 1 топтағы зағип жан Нұрлыбек  Идресовтердің отбасыларына қайырымдылық жасалды.

Бас имам қайырымдылық туралы уағыз айтты. Алла Тағала Құранда: «Жақсылық істеуде жарысыңдар» (Бақара, 148). «Жақсылық істеңдер. Соның есебінен тозақ азабынан құтыларсыңдар», – деген. (Хаж, 77). Алла Тағала өзінің разылығын іздеп, жасаған амалдарымызды сауаптан жазғай!

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі

бойынша баспасөз қызметі,

«Зинеден Құрасұлы» мешіті

Толығырақ ...

Теолог мешіт жамағатымен кездесті

          21 ақпан күні  Жылыой аудандық «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің бас имамы Арман Исаевтың ұйымдастыруымен кезекті айлық отырыс болдып өтті. Бұл басқосуға теолог маман Мейіржан Рахматулла келіп, ақшам намазынан кейін 150 адамға жайылған дастарханда «Шынайы ықылас және ниеттің маңыздылығы» тақырыпта әсерлі уағыз айтты.

          Ықылас мүмінді ең үлкен дұшпан – шайтанның қулық-сұмдықтарынан құтқарады. Олай дейтініміз, шайтан ықыласы төмен  құлдарды тұзағына оңай түсіреді. Бұл туралы Алла Тағала Құран Кәрімде: «Малғұн (шайтан): Уа, Раббым! Ант етемін! Мені адастырғаның үшін оларды жер бетінде (күнәларды) әсемдеймін де, барлығын адастырамын. Олардың ішінде ықыласты құлдарың мұнан тыс», деген. Ықылас – жүректің ісі. Алла Тағала адамның жүрегіне қарай амалына сауап жазады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Алла сыртқы кескін-келбет, дене-пішініңізге емес, жүректеріңізге қарайды», – деген. Амалды тек шынайы ықыласпен орындау арқылы ғана иман кемелденеді. Сондықтан, амалдың Алла құзырында қабыл болуының басты шарты – ықылас», – деді теолог Мейіржан Рахматулла.

          Уағыздан жамағат жақсы әсер алып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Басқосудың соңында бас имам А.Исаев

ұстазға жылыойлық жамағат атынан алғыс айтып, дін-Исламның жолындағы жауапты қызметіне береке тіледі. 

 

ҚМДБ-ы Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық мешіті

Толығырақ ...

Елбасы Жолдауы – елдігіміздің ертеңі

Бүгін, ақпанның 24-і «Иманғали» орталық мешітінде  жұма намазының алдында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын кеңінен насихаттау, түсіндіру мақсатында парақшалар таратылды.

Жамағатқа жол тартқан парақшаның бірінші бетінде институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты Жолдаудың бесінші басымдығы толық басылып, екінші бетінде ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Берденұлының жолдаудан туындайтын міндеттер туралы салиқалы пікірлері жазылған.

Нақты айтқанда, «ел аман, жұрт тынышта ішкі бірлігімізге іріткі салып, ұлт қауіпсіздігіне қатерін төндіріп отырған экстемистік ағым мәселесі – тек біздің елді ғана емес, күллі әлем халқын алаңдатып отырған жағдай. Ұлттық санамызға, сан ғасырлық дәстүрімізге жау ниет радикалды ағым насихатына тосқауыл қою – «Мәңгілік ел» идеясының дамуына жол ашу. Осы орайда Елбасы Н.Назарбаевтың деструктивті ағымдардың алдын-алуды назар алуды көпшілікке міндеттеуі – құптарлық жайт» (Б.Берденұлы)  делінген парақшада.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

Толығырақ ...

Мүгедек жандардың асыраушыларына көмек көрсетілді

24 ақпан күні Жылыой ауданы орталық мешітінде мүмкіндігі шектеулі жандардың асыраушылары мен  әлеуметтік жағдайлары аз қамтылған 10-нан астам отбасыға қайырымдылық қолдау жасалды.

          Бас имам Арман Арман Исаевтың жетекшілігімен ұйымдастырылған шарада бас имам уағыз айтып, қамкөңіл жандардың көңіліне жылу сыйлады. «Аз да болса қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені, мұқжанды құр алақан қайтару одан да аз», – демекші,  ата- бабаларымыз қайырымдылық жасауды ұрпаққа өсиет еткен. Мұндай ізгі істі үзбей жалғастырып, қиналған жанға қол ұшын созу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

 

ҚМДБ-ы Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық мешіті

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу